{metadescription}
Диляра Қайдарова: Қатерлі ісік бұл заманда "жаман ауру" емес

Диляра Қайдарова: Қатерлі ісік бұл заманда "жаман ауру" емес

тын айтуға аузың бармайтын ауру. Қазақстанда «жаман ауру» – обырды емдеу деңгейі қалай? Құрал-жабдық, препараттар елімізде толық қамтылған ба? Онколог-мамандар жеткілікті ме және оларға науқастар тарапынан сенім бар ма? Қатерлі ісік туралы алып-қашпа әңгіме көп-ақ. КТК арнасының «Без фильтров» студиясына Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова сұхбат берді. Диляра ханым «жаман ауру» туралы біраз мәліметті "Без фильтров" жүргізушісі Камила Жүсіповаға бүкпесіз, ашық айтып берді.

  1. Қазақстанда: обырды бірінші сатысында 100 пайыз емдеп жазуға  болады: хирургиялық, химиятерапия, сәулемен емдеу; 2022 жылы науқас саны 39 мыңға жеткен. Ең көп таралғаны еркектер арасында – өкпе, әйелдер арасында – сүт безінің қатерлі ісігі. Содан кейін ішек, асқазан, жатыр мойыны қатерлі ісігі.  
  2. Обырдың алдын алу үшін скрининг тегін, бірақ адамдар медициналық тексеруден өтуге құлықсыз. Жатыр ммойнының қатерлі ісігіне алдын ала тексеру 30 жастан 70 жасқа дейін, маммография 40–70, ішек 50–70 жас аралығында тегін скрининг жасалады.   
  3. Өндіріс ошағы көбірек аймақтарда өкпе обырына шалдығу жиілеген, ал үлкен мегаполистерде урбанизация, стресс, гормоналдық өзгерістерден сүт безінің қатерлі ісігі, батыс аймақтарда асқазан, өңеш обыры.
  4. Мемлекеттен едәуір қомақты қаржы бөлінген. Емханадан тікелей  онкологтың кеңесіне жазылуға алады. Онколог обырды анықтағаннан соң бірден емделуге жібереді. Ем-домды мемлекет мойнына алған. Яғни, бүкіл онколиялық көмек тегін.
  5. Аймақтарға шамамен 200-дей білікті онколог маман қажет. Мәселе жұрт ағылшын тілін меңгерген, компьютер тілін жатық білетін жас мамандарға сеніңкіремейді.  
  6. Емханалардағы онколог мамандардың жалақысын біртіндеп өсіруге көшкен. Қазір шамамен 250 мың теңге алады, оған қоса үстеме және артығымен атқарғанына қосымша ақша төленеді. Тіпті хирургтарға жекелей төлегенде, жалақысы миллионға дейін жетеді. Жалақы ғылыми жұмысы мен оқу үрдісіне байланысты төленеді және шетелден оқып келуге мүмкіндігі бар.
  7. Обырдың үшінші жіне төртінші деңгейі елімізде қазір 12 пайызды құрайды.
  8. Ең басты проблема: «Еш жерім ауырмайды, ештеңе мазаламайды» — емханаға бармай, дәрігерге қаралмай жүре береді.
  9. Обырдың зұлымдығы — бастапқыдан еш жерің ауырмайды, аурудың ешбір белгісін көрсетпейді. Тек ағзада жайылып, көрші ағзаға ене бастағанда білінеді, яғни үшінші деңгейіне жеткенде білдіреді. Төртінші деңгейде тек өмірді ұзату үшін препараттар беріп, өмір сүру сапасын жақсартады. Демек, жүз пайыз емдей алмайды. Төртінші деңгейде науқастың өмірін екі-үш жылға ұзартатын инновациялық препараттар бағасы 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін, ол мемлекеттен тегін бөлінеді.
  10.  Халық еміне жүгінетіндер уақытын зая кетіріп, ақыр соңында онкологтарға келеді.
  11. УЗИ зерттеу обырды анықтауда 100 пайыз кепіл береді, тек сүт безін маммография ғана анықтайды. Ол 40 жастан бастап жасалады. Ал тұқымында қатерлі ісікпен ауырғандары бар әйелдер 35 жастан бастап міндетті түрде маммография жасатуға тиіс.
  12.  Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, отбасы анамнезіне байлансты қатерлі ісік: сүт безі, эндометрия, ішек, анабезі, қалқанша безі. Елімізде ақылы генетика зертханасы бар.Алдымен генетик маман қарап, анамнезді анықтайды. Мәселен, 100 генді алғанда, шамамен 29 мың теңге тұрады. Ғылым шеңберінде қазір отбасылық анамнезге қарап, тұқымында ген мутациясы бар екені анықталғанда, азаматтың келісімімен мастэктомия (сүт безін алып тастау) отасы жасалады.
  13.  Қатерлі ісік «жасарып келеді». Себептері: темекі, спиртті ішімдік, бейберекет жыныстық қатынас, жасанды түсіктер, дұрыс тамақтанбау, фастфуд, стресс, түрлі инфекция.
  14.  Өкпе-реніш, депрессия иммундық жүйеге әсер етеді. Ал иммундық жүйе обырда үлкен рөл атқарады. Мәселен, оптимист адам ауруын жеңе алады,  ал пессимист қатты уайымдап, обырдың тез жайылуына ықпал етеді. Сол себепті науқастармен онко-психологтар жұмыс істейді.  Және науқастың жақын адамдары да бұл жерде қауіп төндірмей, болашаққа сенім тудыруы керек.
  15.  Қысқатолқынды пештерден, ұялы телефоннан, ұялы байланыстардан адам радиация алады деген ресми мәлімдеме әлі жасалмаған, яғни ғылыми дәлел жоқ.
  16.  Күн сәулесінен, әсіресе аққұба адамдар, күн ыстықта SPF-кремдермен сақтанғаны жөн. Яғни күн сәулесінің белсенділігі мен меланома, тері обырының пайда болуында тікелей байланыс бар.  
  17.  Қазір Қазақстанның бірқатар аймағында заманауи сәулелік терапия бар. Мәселен, молекулярлы генетика көрші мемелекеттерде жоқ, олар бізге емделуге келеді. Протокол бойынша емдеу мен инновациялық жаңа препарат қосуда, таргетті иммуннотерапияда  Қазақстан посткеңестік елдердің алдыңғы қатарында тұр.    

       Сұхбаттың толық нұсқасын орыс тілде мына жерден көруге болады. 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде