2023 жылдың маусым айына астрологиялық болжам
2023 жылдың маусым айы. Астрологтардың маусымға жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің маусым айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
Фото: Татьяна Шипилова
2023 жылдың маусым айына астрологиялық болжам.
Тоқты бала кезінен өзіне қымбат деген құнды нәрсені жасаумен айналысуға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде өткенге философиялық тұрғыдан қайта оралып, үйреніп кеткен дүниесіне өзгеріс енгізіледі. Көптеген адамдарда «жаңа парақтан бастау» идеясы пайда болады. Маңызды аспект - бұл тәуелсіздік, басқалардан алшақтау. Басқаларға сіз жұмбақ болып көрінесіз, күтпеген нәрсені істейтін адам боласыз. Материалдық тұрақтылық негізі болады. Сіздің жоспарларыңыз үлкен, әсіресе ол күнделікті тақырыпқа қатысты болса. Белгінің кейбір өкілдеріне өмір салтындағы өзгерістер, сапар, жаңа жұмыс күтіледі. Жеке өмірде көңілсіздік пен кейбір сезім салқындауы мүмкін. Серіктеспен рухани жақындыққа қатысты тағы да белгілі бір жолдан өтуге тура келеді. Көп нәрсеге көзңізі жетеді ...
Торпақ кәсіби тәжірибесін жаңартуға мүмкіндік алады. Көбінесе бұл саяхат, жаңа мәртебе, лауазым, атақ алумен байланысты болады. Сіз өзіңіздің өмір сүру жағдайыңызды көшіп немесе оны өзгерту идеясын қарастырасыз. Бұл туысқанның бастамасына байланысты болуы мүмкін. Жоспарларыңыз күрт өзгеруі мүмкін. Әрекет жылдам, тіпті асығыс болады. Бірақ бәрі сізге жақсы болады, әсіресе үлкен туысқаныңыздан қолдау болса. Сонымен қатар, ескі доспен қарым-қатынаста толық үзіліп, тіпті қоштасуыңыз да мүмкін. Кез келген қарым-қатынаста қаржылық мәселе шешуші рөл атқарады. Жұлдыздар тыныс алу жолдарының осал екенін, денсаулыққа көңіл бөлуді ұсынады.
Егіздер айналасында пікірлес адамдар бар екеніне сенімді болуы керек. Осы кезеңде кәсіби жеңістерге, қызметіңізде қосымша байланыстарды дамытуға ұмтыласыз. Сіздің іскер серіктестеріңіздің бірімен кейбір құпияларыңыз, жасырын қаржылық келісімдер болады. Маусым айында жеке өміріңізде маңызды оқиға орын алуы мүмкін. Көптеген адамға тағдыр күрт бұрылыс дайындады. Және бұл жасына байланысты емес. Бұл ай сізге жаңа көзқарас, өзіңізге әлі ашылмаған басқа қырынан тануға мүмкіндік беретін ай. Алыстан келген жаңалықтар сізді таң қалдырады. Жоспарланбаған кездесу, шетелмен байланыс болуы мүмкін. Бұрынғы келісімдер тығырыққа тіреледі. Уәдеде тұру керек.
Шаян ұзақ уақыт бойы мызғымас деп есептелгеннің бәрін қайта қарастырады. Сіз күмәнді қажет етпейтін қарапайым нәрселердің ақиқатына қатысты жалған сенімде болғаныңызды көресіз. Бірақ бұл кезеңде өзіңізбен адалдықтың сенімді айласын пайдаланып, ішкі диалогты жиі жүргізесіз. Кәсіби тұрғыдан материалдық тұрақтылықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге бейім боласыз. Достармен кездесу, тойға қатысу күтілуде. Ескі досыңыздан сыйлықтар, жағымды тосын сыйлар болуы мүмкін. Үй сатып алуға байланысты шығын бар. Тұрмыста белсенділік жоспарланған. Жөндеу, интерьерді өзгерту де жоққа шығарылмайды. Сіз нақты анықталмаған идеалдарға ұмтыласыз. Бірақ басқа адамдарға сіз бұл мәселеде расында да үлкен беделге айналасыз.
Арыстан келген жаңалықтан құлшыныс толқынын сезінеді. Осы кезеңде кәсіби байланысты жаңартуға, жаңа ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынас орнатуға болады. Белгіленген ережелер мен келісілген міндеттеме мерзімін бұзатындарға шектеу қоясыз. Қаржылық пайда бұрынғы әрекеттермен байланысты болады. Мүмкін ақшаның түсуі мүдделі қарсыластарды айналып өтуі мүмкін. Көбінесе сіздің арқаңызда, сіздің есебіңізден шешетін адамдардан ниеттеріңіз бен жоспарларыңызды жасыруға тура келеді. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Тұрмыстық зат бүлінеді, үй жануарына қатысты болуы мүмкін. Жеке өміріңізде жақын адамыңыздың жанжалы сіздің мазаңызды кетіруі мүмкін.
Бикеш жұмысқа бар ынтасын салып, бар назарын аударады. Іскерлік байланыстар бірінші орынға шығады. Көптеген адамға кәсіби қызмет еңбек немесе өмір сүру жағдайының өзгеруімен байланысты болады. Өткен кезде аралас-құралас болған белгілі бір адам пайда болады. Оның өтінішіне көңіл бөлу, көмек көрсету қажет. Маусым үнемі өтініш жасайтын адамдарға жомарт болады. Жақын туыстармен қарым-қатынаста өзгеріс болуы мүмкін. Жолда солардың біріне еріп кетесің. Қосымша міндеттемелер отбасылық қатынастармен де байланысты болады. Сапарға дайындалуға, бұл мәселені мүдделі адамдар арасында талқылауға болады. Сыртқы келбетіңізге ерекше мұқият боласыз. Қаржылық аспект қомақты шығын алдында тұр.
Таразы ішкі төзімділігін күшейте алады, басқаларды мұқият тыңдауға тырысады, бірақ сонымен бірге өз мүдделерін елге ашпайды. Сіздің әрекеттеріңізді болжау қиын. Сіз ештеңені жасырмайтын сияқтысыз, бірақ айналаңыздағылар сіздің бұл жолы не істегіңіз келетіні туралы білмей, үнемі таң қалады. Мақсатыңыз ұзақ мерзімді жоспарларды алға жылжыту болады. Көбінесе бұл материалдық тәуелділікпен немесе ақша мәселесінде өз ережесін орнатуға ұмтылумен байланысты болады. Тұрақты негізі бар байланыстарды сақтап қалу өте маңызды болады. Өз бизнес шеңберіңізге жаңа тұлғаларды қосқыңыз келмейді. Сіздің ортаңыздан біреу келісімді айналып өтіп, пайда іздейді. Достың сөзі бос әрі өтірік болып шығуы мүмкін. Жеке өмірде сезімдердің жаңа толқыны күтіледі.
Сарышаян басқа біреудің ебедейсіздігін әрең жеңеді. Басқаларға қарапайым шындықты түсіндіре отырып, соны түсіне алмаған адамдардың икемсіздігіне тап тап боласыз. Бұл негізінен кәсіби қызметке қатысты болады. Бірақ бұл үрдіс өмірдің басқа саласында да байқалады. Бұл толық сәйкессіздік әр жерде кездесіп, сіздің діңкеңізді құртады. Сәттілік әр нәрсенің нәтижесін асықпай, байыппен күтетін адамға ғана сәттілік әкеледі. Дегенмен маусым айы сізге қаржылық өсім әкеледі. Жаңа табыс көзі пайда болады. Кейбір ескі одақтас сізді ұсынысымен таң қалдырады. Және бұл жылдың тосын сыйы болуы мүмкін. Бұрынғы келісім аясында саяхатқа шығуға мүмкіндік бар.
Мерген біраз уақыт бұрын белгілі бір жайттармен қалыптасқан өмір салтында біршама жақсы, қуанышты дүниелер болады. Сіздің қызығушылықтарыңыз өзгереді. Әлеуметтік ортаның белсенділігі төмендейді. Көбінесе күнделікті мәселеге, бастамашылық сипаттағы шығармашылық белсенділікке назар аударылады. Маусым - бұл ашылу уақыты және өмір бойғы жылы естеліктеріміздң сізді жаймашуақ күйге түсіретін кезең. Көбінесе жақын туыстарының өтініштерімен байланысты сапар болуы мүмкін. Біреумен ұзақ уақытқа қоштасуға тура келеді. Қомақты шығын күтілуде. Дегенмен бұл ретте көптен күткен маусым айында қомақты қаржы түседі. Жеке өміріңіз сізге рухани қолдау көрсетеді.
Тауешкі ұзақ мерзімді келісімшарттар мен өзара тиімді келісімдер жасауға ең сәтті кезең. Маусым айында үзілген іскерлік және достық байланыстар қалпына келуі мүмкін. Сіз дәл сол қарым-қатынастардың қажеттілігін сезінесіз, онсыз ақыл-ойыңыз дамымайды. Білім, қажет ақпаратты алуға ұмтылыс пайда болады. Жастар шығармашылық энергияға, әсіресе татуировкасы түрінде өз денесіне сурет салу сияқты дүниеге енеді. Табысты жасыру, ақша қозғалысын құпия ұстау қажеттілігі туындайды. Мүліктік сипаттағы мәселе тағы да күн тәртібіне қойылады. Интерьерді жаңарту, ортаны мүлдем жаңа, тіпті авангард жағдайға айналдыру мәселесін егжей-тегжейлі зерделеу қажет.
Суқұйғыш кіші туысының жетістігін сол жастағы өзінің жетістіктерімен салыстыра отырып бағалайды. Әрқашан өзгермейтін ішкі параметрге қарамастан, сіз қатысқыңыз келетін басқа адамдардың іс-шарасына шынайы қызығасыз. Маусым, әрине, сізден ешқандай наразылықсыз өзгерістердің құрылымына айналады. Айналаңыздағылар мінезіңіз бен сыртқы түріңіздегі өзгеріске таң қалады. Бұл кескіннің тартымдылығы сөзсіз болады. Саяхатқа шығуға жақсы кезең, сіздің сұранысыңыз бойынша мекендеу ортасын өзгерту. Туыстармен қарым-қатынастың жылынуы даулы мәселе бойынша тез келісімге келуге мүмкіндік береді. Достармен кездесу, жаңалықпен алмасу және бірлескен мерекеге қатысу сізді кәсіби жұмыс әдісін өзгерту, оны шығармашылыққа айналдыру туралы ойлауға итермелейді.
Балық күнделікті өмірде де, пайымдаумен де үлгі болатын достарының біріне еріксіз еліктейтін болады. Маусым айында маңызды сатып алулар, мүдделі одақтастармен пікір алмасу, алдыңғы бағыт аясында ынтымақтастық туралы келісім жасалуы мүмкін. Жаңа іскер серіктестерді тарту арқылы кәсіби бағытты нығайтуға мүмкіндік туады. Кадр саясаты жұмыс істеу тәсілін толығымен өзгерте алады. Нақты қаржылық табыс болады. Мүлікті сатып алу-сату мәселесін қайта бастау идеясынан уақытша бас тартасыз. Кедергі – барлық мүдделі тараптың келісімге келу шарттары. Осы кезеңде сіздің бастамаңыз бойынша көптеген сапар жүзеге асырылады. Демалуға байланысты жақын адамнан алшақ кетесіз. Ол тіпті кейде мәжбүрмен болады.
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ
2023 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ