{metadescription}
Вахтанг Джапаридзе: Адамның ақшаға көзқарасы оның қандай отбасында өскеніне байланысты емес

Вахтанг Джапаридзе: Адамның ақшаға көзқарасы оның қандай отбасында өскеніне байланысты емес

Бай болғысы келмейтін пенде бар ма? Бәрі байып кетудің түрлі амалын үйретіп жатыр: ақша ағынын ашу үшін жиған-тергенін сән-салтанатқа жұмсау; аффирмацияларды қайталау, байып кеткеніңді көз алдың елестету; әлеужелідегі «данышпандар» дәрісі, қайыршылықтан құтылу, өмір сүру деңгейін жақсарту және тағысын тағылар. Бұның бәрі не сонда? Жаппай психоз ба? Ақшаға алаңдап өмір сүріп жүргендерге арналған маркетинг пе? Әлде расымен де бай-бақуатқа жеткізетін жұмыс құралы ма?

«Без фильтров» бағдарламасының жүргізушісі Камила Жүсіпова психолог Вахтанг Джапаридземен қайыршының ұғымы, «күніміз не болады» түсінігі, ақша жұмсауға әсер ететін бала кездегі наным-сенім, үнемшілдік пен сараңдықтың айырмашылығы және «неврозсыз үнемдеу» туралы сұхбат құрды. 

Тұрмысы төмен отбасынан шыққан адамның есіл-дерті ақшада болады деген рас па?

Баланың жеті жасына дейін ақшаға қатысты психожарақаты болды ма? 90 пайыз жағдайда адамның тағдыр сценариі баланың 4-5 жасына дейін қалыптасады. Мысалы, адамның ақшаға деген көзқарасы оның тұрмысы нашар немесе бай отбасында өскеніне байланысты емес. Тіпті еш нәрсеге мұқтажсыз үйде өсіп келе жатқан баланың әке-шешесі үйінде ақшаға қатысты әңгімені жиі дауыс көтеріп талқылап, баласының үрейін ұшыратын әңгіме айтса, бала қатты дауыстан үркіп, өсе келе оның миында «ақша-үрей» түсінігі қалыптасып қалады.

Тұрмысы төмен отбасында ақшадан тарылу ұғымы ұрпақтан-ұрпаққа беріле ме?  

Менің 23 жылдық тәжірибемде көзім жеткені: адамның ақшадан қысылуының ең басты себептерінің бірі  – көп ақшадан зәресі ұшу. Неліктен?

а) психогенетика негізінде есінде сақталып қалғаны;

б) ата-бабасынан қалған әдет. Яни кезінде, бай болсаң, билік малыңды тартып алады, дүние-мүлкіңді құртады деген үрей.

Үйіндегі байлықты құпия ұстау мақсатымен, баласына «бай болған – жаман» деген түсінікті сіңіріп қойған. «Адамды ақша бұзады» деген сөзді естіп өскен адамның миы да, психикасы да осы бағытта жұмыс істей бастайды. Яғни, көп ақша тауып, байыған сайын, ол адамның миында мораль нормасына қайшы «расында мен баймын ба» ой туып, өзінен-өзі қысыла бастайды. 

Адамның ақшаға деген қарым-қатынасы бала кезінен қалыстасқан отбасындағы жағдай, ережелер, дүниетанымына байланысты.

Ай сайын шығынды есептеп жазып, салыстырып отырған дұрыс па, әлде ол невроз ба?

Ол адамның жұмыс істеу қабілетінен – біреуі күн сайын шығынын есептеп күйзеліске түссе, екіншісіне ол жайлылық әкеледі, яғни, адамның  психотипіне байланысты. Тәжірибе жасап көр, егер табысың ұлғайса – жақсы, керісінше болса, есептеуді доғар.

Үнемшілдік пен сараңдықтың арасындағы айырмашылық

Бай адамды анықтайтын оның тапқан табысы емес, тап қазір қолында бар  қаражаты. Яғни кез келген сәтте демалып, жұмыс істемей-ақ уақытын өткізе алады. Ал жинақтылық, құнттылық, үнемшілдікдікке құрал ретінде қарасақ, нақты сізге ол тиімді ме? Тәжірибе жасап көз жеткізіңіз. Ең бастысы – жұмыс тапсырмасын нақты мақсат етіп қойған адам ақшаны оңай таба алады. «Осынша ақша табуым керек, осыншасын сақтап қоямын» деген НАҚТЫ МАҚСАТ – сіздің қабілетіңізді, дағдыларыңызды, ерекшеліктеріңізді ұйымдастыра алады.

Шығынды үшке бөліңіз:

  1. Ең қажеттісі;
  2. Онсыз да өмір сүре беремін, дегенмен жайсыз болады;
  3. Ұсақ-түйек, қалған шығын.

 

Жарты жылдай қаражатты біріншісі мен екіншісіне жұмсап, үшіншісін жинақтаңыз. Немесе арманыңыздағы өмірге қажет деген дүниенің тізімін жасаңыз. Қайсысы орындалса, түртіп қоясыз. Сол тізімдегі қайсысы тұла бойыңызда айтарлықтай «осыны қалаймын» деген сезім тудырады? Міне, тізімде жақсы сезім тудырған дүниеге қол жеткізу сіздің нақты мақсатыңыз болады. Адамдар кейде ойы мен сезімін шатастырады.

«Ертең жалаңбұт қаламыз»

«Ертең ақшасыз қаламыз» деген – іс жүзінде адамның өмірден рахат алуын, бақытты болуын тежейді. Өзіңе «бұл маған пайдалы ма?» деген сұрақ қойсаңыз, бірер аптадан соң ойыңыз өзгереді. Бұл өміріңізді жақсарта ма? Ол мені қайда алып келеді? Пайдасы болмаса, не маған не пайдалы? Рахат алу мен бақытты сезіну – қазіргі күйіңіз. Біреуі тіршілік қамытын киіп жүрсе, екіншісі нағыз өмір сүреді – күн көру және өмір сүру. Яғни, ертеңге тірнектеп ақша жинау, ол ертеңгі күннің қоры емес – өз еркіндігіңді жою.

Ертеңгі күнін ойламай, дәурен құрып өмір сүру

Бұл ақылсыздық пен батылдық. Қаржылық шешім қабылдау қабілеті өте маңызды. Ұзақ мерзімді жоспарлау деген бар. Егер сіз өміріңізді, кем дегенде 5, 10 жыл алға жоспарламасаңыз, өміріңізде қандай да бір шытырман оқиға болады. Оның ішінде қаржылық оқиғалар да болады. Әдеттен тыс сатып алу жасадыңыз делік. Сізде көп ақша табуға қажетті білім, біліктілік, шеберлік бар ма? Мүмкін сіз ақша табудың жолын білмейтін шығарсыз? Қарапайым ғана білім мен ақпарат жетпейтін шығар? Бәлкім, сізде ақша табуға қажет мінез-құлық, қасиет жоқ шығар? Білу бір басқа, қабілетті болу бір басқа, үшіншісі – құлшыныс.

Өзіңе аямай ақша жұмсау, ол нені білдіреді?

Ділімізге тән қасиет өзімізден гөрі, жақындарымызды көбірек ойлаймыз. Осыдан ләззат аламыз, қуанамыз, бізге сол да жеткілікті. Ал өзімізге ақша жұмсауды қалай үйренеміз? Ол не үшін керек? Әлде өміріңізге  көңіліңіз толмай ма? Нақты не нәрсе сізге жетіспейді? Ол қанша тұрады? Ендеше соны есептеп санап, қаражатты өзіңізге жұмсаңыз. Бірақ «мен бүгін өзіме ақша жұмсаймын» деп қайталай берудің еш жөні жоқ.  Бұл дертке айналуы ықтимал. Ақылды құрал бар екенін естен шығармаңыз, ол қаржыны жоспарлау. Яғни «қалталы» дәлелденбеген қағидадан аулақ болыңыз.

Әр істеген істің нәтижесіне  жұмыс істей біліңіз. Ақшаңыз жетпесе, бәлкім, дұрыс ойластыра алмайтын шығарсыз? Ендеше ойластырып үйреніңіз. Бірнеше күн, апта, ай бойы. Біраз уақыттан соң жағдайыңыздың түзеле бастағанын көресіз.

Ақшадан тарығып жүрудің үш себебі:

  • Қажет ақпарат жетіспейді, қарапайым тілмен айтқанда білімі жоқ. Ай сайынғы жалақыңды өсіру үшін не істеу керек?
  • Қолынан келмейді, яғни біліктілігі, тәжірибесі, дағдысы жоқ, жігерсіз.
  • Біледі, қолынан келеді, бірақ ынтасыз.

 

Сұхбаттың соңында Вахтанг Джапаридзе тығырыққа тірелген қиын сәтте құтыңды қашырмаудың бірнеше әдісін ашып берді. Толық нұсқасын орыс тілінде Ю-туб парақшамыздан қараңыздар.

 

 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде