{metadescription}
ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ҚЫЗЫҚ ФАКТІЛЕР

ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ҚЫЗЫҚ ФАКТІЛЕР

Отбасының өнегесі — Отан өнегесі. Отбасының қоғамдағы рөлін бағаламау қиын. Дәл осында әрбір адамның жеке басының іргетасы, кейінгі барлық ұрпақтың сабақтастығы қаланады. Отбасы – баланың табиғатқа тән әлеуетін ашатын және өмірдегі өз орнын анықтайтын, жақсылыққа, әділеттілікке, шығармашылыққа үйренетін әлеуметтік институт. Қоғамдық құбылыстардың одан әрі қарқынды дамуы әр адамның жеке ерекшеліктеріне және оның шығармашылығына қосқан үлесіне тікелей байланысты. Барлық елдердің мемлекеттік органдары тұрақтылық пен әл-ауқаттың кепілі ретінде отбасылық қатынастарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

Отбасы туралы әлемдегі қызық фактілер:

  • Ежелгі Римде ресми неке сүйісу арқылы жасалған.
  • Дүниежүзілік статистика бойынша 7 жыл некеде өмір сүргеннен кейін ажырасу ықтималы 50%-ға төмендейді.
  • Үндістанда тұратын қытайлық Цион Хан әлемдегі ең үлкен отбасына ие 39 әйелге үйленіп, 94 бала туғызған. Отбасы тарихын 33 немере жалғастырып жатыр.
  • Статистикаға сүйенсек, тұрмыс құрмаған немесе ажыраспағандарға қарағанда некеде тұрған ерлер мен тұрмыстағы әйелдер ұзақ өмір сүреді.
  • Неке сақинасын тағу дәстүрі Ежелгі Египеттен келген. Мысырлықтар жүрекке қан апаратын махаббат тамыры дәл осы саусақта пайда болады деп сенген.
  • Қазақстанда жас жұбайларға арналған ең көп таралған ән: «Дос-Мұқасан» тобының  «Той жыры» (Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер).
  • Үйленген еркектер бойдақтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Сондай-ақ жоғары лауазымға да жиі ие болады екен. Ал тұрмысқа шыққан әйелдерге келсек, статистика бойынша олардың жалақысы жалғызбастыларға қарағанда 4-5 пайызға артық.
  • Қазақстандықтардың 90%-ы отбасы – ең үлкен құндылық деп санайды.
  • Неміс тілінде Drachenfutter деген сөз бар, ол сөзбе-сөз аударғанда «айдаһар тағамы» дегенді білдіреді. Бұл терминмен неміс күйеулері әйеліне қандай да бір нәрсеге кінәлі болған жағдайда ұсынуы тиіс сыйлығын солай деп атап береді – шоколад қорабы немесе гүл шоғын.
  • 29 ақпанда Ирландияда әйел ер адамға үйленуге ұсыныс жасай алады. Бұл әдет-ғұрып 11 ғасырдағы заңнан бастау алады, онда ер адамды некеге тұрудан бас тартқаны үшін айыппұлмен жазалаған.
  • Жүкті әйелдердің 95% -ы күтілгеннен екі апта бұрын немесе кеш босанады.
  • Үйлену тойының соңында жас жұбайлардың сүйісу салты Ежелгі Римнен келіпті. Ол кезде бұл рәсім басқаша мағынада болған екен. Үйлену келісімшарт деп саналып, сүйісу келісімшартты мөрлеудің бір түрі болған деседі.
  • Орташа статистикамен америкалық әкесі апта сайын баласымен 4,5 сағат уақытын өткізеді, ал француз әкесі бар болғаны 2 сағат, ал қазақстандықтар демалыс күндерін отбасына арнайтын болып шықты.
  • Камасутраның түпнұсқа мәтінінде тек 1/5 бөлігі жыныстық тәжірибеге бөлінген. Қалғанының бәрі отбасына және жалпы махаббатқа арналған. Сондай-ақ әртүрлі жыныстық позициялардың суреттері жоқ; олар Үндістанды Ұлы Моғолдар басқарған 16-17 ғасырларда ғана пайда болған екен.
  • Орташа статистика бойынша еуропалықтардың бірінші баласы 29 жаста болады, бірақ ТМД елдерінің тұрғындарында бұл көрсеткіш төмен – 20 жас. Ал Қазақстанда алғаш неке құрғандардың орташа жасы ерлерде – 28 жас, әйелдерде – 25,2 жас.
  • Қазақстанда неке көбінесе тамыз айында тіркеледі.

Былтыр Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 салыстырғанда 8,5%-ға аз.

Елімізде өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8%.

Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі 79,1%, әйелдер арасында – 81%.

Ажырасу: былтыр 44,5 мың ажырасу тіркелді, бұл 2021 салыстырғанда 7,7%-ға аз.

2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған. Ол ажырасулардың жалпы санының 34,6%-ына тең.

Ал некеде 5-9 жыл тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.

Отбасын сақтап қалуға мамандар қандай кеңес береді

Жанна Бәкірова,  астаналық отбасы судьясы:

Әр бақытты отбасының кепілі – ерлі-зайыптының бір-бірін сыйласуы. Әйелі мен ері бір-бірін өзгертуге тырыспай, өзара сыйластыққа қадам басуы тиіс. Өзгертпе, өзгер. Өзгелердің құндылықтарына құрметпен қарап, өзімізге не қажет екенін білу.

Ержан Мырзабаев, отбасы психологы:

Tрлі-зайыптылар бір-біріне көңіл бөліп, арнайы отбасылық күн болса, психоэмоционалды байланыс орнайды. Ол күшейген сайын, отбасы берік болады.
Екіншісі, отбасы психологиясы төңірегінде білім алу. Кейде отбасын сақтап қалу керегін біледі де, бірақ, нақты не істеу керегін білмейді. Проблема, оның алдын алу жолы мен шешу жолдарын алдын ала арнайы курстар оқып, білімін жетілдіру.  

Үшіншісі, еркек пен әйел адам арасындағы қарым-қатынаста теңдікті қалыптастыру. Еркек әйелін өзінің теңі қылу керек, әйел еркекті өзінің теңі ету қажет. Қарым-қатынас серіктестік тұрғысынан құрылатын болса, отбасы берік, бір-бірін тыңдау, сыйлау, пікірлерімен санасу жақсырақ болады.

Соңғы мәлімет:

2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайған.

2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы — 6,54 жұп.

Тұрғындар арасындағы некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында - 6,1.

Ал соңғы 20 жылда некеге тұрушылардың ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдары байқалды. Мәселен, 2002 жылы некелесу коэффициенті 6,6 болған.

Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты. Егер 2010 жылдары туу көрсеткіші жоғары болған 1985-1990 жылғы ұрпақ некеге тұрса, 2020 жылдан кейін туу көрсеткіші төмен болған 1995-2000 жылдары дүниеге келген ұрпақ отбасын құра бастаған.

 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.