{metadescription}
Сақ бол: Тұрғый үй нарығындағы алаяқтардың іс-әрекеті

Сақ бол: Тұрғый үй нарығындағы алаяқтардың іс-әрекеті

Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтар толып жүр. Олар небір айла-тәсілге толы схемамен жұмыс істейді. Адамдарды алдап кетіп, сан соқтырып жатқаны аз емес. Алаяқтардан қорғанудың қандай жолы бар?

Тұрғын үй нарығында алаяқтан қорғанудың бір ғана жолы бар: ешқашан, ешкімге ешқандай жағдайда пәтерді тексермей, құжаттарды тексермей және келісімшарттарға қол қоймастан ешкімге ақша жібермеңіз.  - «Брондау», «кішкентай кепілақша» немесе жалпы ақшаның кез келген сомасын бермеңіз.

Баспана сатып алу және жалға алу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері:

«Броньдауды» сұрайды

 Кез келген алаяқтың мақсаты жалға алушыны немесе үй сатып алатын адамды алдау. Кейбіреуі аяушылықпен басады, басқасы тапшылықпен қорқытады.

Көптеген сценарий бар, бірақ бәрінің көздегені қайтсе де ақшаны жіберту: кепіл ақша қалдырту, алдын ала төлету, брондау. Сенімді болу үшін олар басқа біреудің құжаттарын, пәтердің фотолары мен видеоларын жібереді.

• Ешқашан бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз, тіпті ол ақшаға тек сіз ғана қол жеткізе аласыз десе де.

• Құжаттарды мұқият зерттеңіз. Фотосуреттер немесе көшірмелер емес, түпнұсқасын! Егер күмәніңіз болса, заңгерге хабарласыңыз. Адал үй иесі немесе сатушы оған қарсы болмайды.

Алаяқтар көбінесе пәтерді әдетте 20-30% төмен бағамен ұсынады. Сондықтан, егер «керемет» ұсынысты көрсеңіз, сақтаныңыз!

Жалға алған кезде міндетті түрде келісімшартқа отырыңыз, содан кейін ғана жалдау ақысын төлеңіз.

 Алаяқтар риелтор болып көрінеді

Нарықта көбінесе ақпарат агенттіктері риелтор атын жамылып жұмыс істейді. Олар келісімшартында ақпарат беру қызметін ұсынатыны айтылатындықтан, негізі олар алаяқ емес. Бірақ олар 10–40 мың теңгеге өз клиентіне тегін жарнамаларға сілтеме тізімін ғана жібереді, ал ондай жарнама бәріне де қолжетімді.

Сондай-ақ, белгілі бір сомаға мұндай агенттіктер пәтер иелерінің немесе кейбір «құпия» хабарландырулар базасының тиімді ұсыныстары бар чаттарды береміз деп уәде береді.

Сенбеңіз, бұл өтірік!

Риелторға хабарлассаңыз, келісімшартты мұқият зерттеңіз.

Онда маман сіздің талаптарыңызға сәйкес келетін жылжымайтын мүлікті табуға көмектесетінін көрсету керек (параметрлері келісімшартта да көрсетілген - бағасы, шаршы метрі, орналасқан жері және т.б.).

Мәміле жасалғаннан кейін ғана қызмет көрсетілген болып саналады!

Риелтор қай кезде өтемақы алады:

— жалға алу кезінде — тек үйге кіргеннен кейін кейін;

— сатып алу кезінде — сатып алу-сату шартын тек тіркегеннен кейін.

Басқа біреудің пәтерін жалға береді

Тағы бір алдау схемасы — бөтен біреудің үйін жалға беру. Алаяқтың өзі пәтер жалдап тұрады, көбінесе тәулікке жалдап алады да, оны жекеменшік үйі ретінде жалға өткізіп, «шоу» ұйымдастырады. Ол жұмысқа немесе қиын жағдайға байланысты кейінірек құжаттарды ұсынып, кейінірек келісімге қол қоюға уәде береді. Сөйтіп алдын ала төлемді (немесе айдың толық төлемін) алып, пәтер кілтін беріп, тіркеу күніне келісіп, ізім-ғайым жоғалады. Ал алданған жалға алушылар бұл пәтердің мүлде басқа адамға тиесілі екенін кейін біліп, сан соғып қалады.

Қалай тексеруге болады

Жалға берушіден көшірмелерді немесе фотосуреттерді емес, түпнұсқасын беруін сұраңыз:

— жеке куәлігін;

— жылжымайтын мүлік құжаттарын (бұл сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, жекешелендіру шарты немесе мұрагерлік құқығы туралы куәлік болуы мүмкін).

Сондай-ақ үйдің иесі туралы ақпаратты көрсететін соңғы анықтаманы сұраңыз.

 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде