{metadescription}
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»

КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен жетінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. Заң қауқарсыз болса, оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады, заң аясында да дау-дамайсыз шешуге болады, қараңыз», - дейді журналистер. Өзгелерге жалтақтамай, білегін сыбана кірісетін Жазира Бегалы мен Гүлмира Әбіқайдың еңбегін атамасқа болмайды. Ендеше 2023 жылы көрерменді бейжай қалдырмаған ТОП-5 шығарылымды ұсынсақ.

Дау-дамайсыз: Оқулықсыз оқушы

Түркістан облысының Шұбар су ауылының тұрғыны Нағима Бекбаева балаларының құқығын қорғауды сұрады. Оқулықсыз оқушылар қалай білім алып жүр? 6-сыныпта оқитын ұлы Нұрдәулет, 7-сыныптың оқушысы Жазира әріп танымайды. Ордабасы ауданына журналист Жазира Бегалы аттанды.

Дау-дамайсыз: Елеусіз қалған үш адам

Алматыда қоғамнан оқшау, әлеуметтік көмектен ада, өздігінен ілдәлдалап күнін көріп жатқан отбасының оқиғасы. Неліктен олар өзіне әлеуметтік көмек тиесілі бола тұра, мемлекеттен бір қолдау алмаған? Үш адамның үшеуі де дімкәс, соған қарамастан ешқашан медициналық жәрдемақы алып көрмеген.

Дау-дамайсыз: Айсқа алданғандар

«Арзан ыдыс, тиімді баға» деп жарнамалап, 30 жастағы әйел мыңдаған адамды сан соқтырған. Сізге өтірік, бізге шын, сенсеңіз, лақап аты «Айс» есімді әйел ел-жұрттан аттай 30 миллард теңге жинап алған.

Дау-дамайсыз: Құжатсыз қария

60 жыл құжатсыз жүрген ақсақалға араша! Жамбыл облысының Жамбыл ауданы. Тәуелбай Шатырбай ақсақалдың жасы шамамен 70-тен асқан. «Шамамен» деген себебіміз, бұл өмірде бар да, құжатта жоқ адам.

 

Дау-дамайсыз: Қашқын ана

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Тескенсу ауылының тұрғыны Гүлнара Молдабекова сіңлісі Эльмираны тауып беруді сұрап редакциямызға хабарласты. Эльмира Қарғабаева үш баланың анасы. Бес айдан бері хабарсыз кеткен. Бағдарлама авторы және жүргізушісі Жазира Бегалы Тескенсу ауылына аттанды.

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде