{metadescription}
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ

«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ

«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болудан тайған емес.Бүгінде де бұқараның өзегін өртеген мәселе өзгермеген екен. Ендеше 2023 жылда жанайқайын ағынан жарылып айтып ақтарған, қаралымы көп ТОП-5 оқиғаны қарап көрсек.

Астарлы ақиқат: Умкам-ау

«Сүйгенімнің сүйкімі кетті»! Осылай деп студиямызға келген кәсіпкер Аян Сейітхан бір жыл бұрын блогер Үміт Мұхитовамен әлеуметтік желіде үйлену тойын бөліскен. Алайда жұп заңды некеде тұрмаған болып шықты. Айтуынша, Аян бар болғаны үш рет кездесіп, «Мысырда оқып келдім» деген сөзіне сеніп, жарым болғанын қаладым дейді. Артынша босаға аттаған соң, беташардан бас тартып,» басқаға басымды имеймін» деп байбалам салған деседі. Бұл былықтың бергі жағы ғана екен.

Астарлы ақиқат: Бейбіт Қорғанның қорғансыз баласы ма?

Бейбіт Қорғанның қорғансыз баласы ма? Студиямызға атыраулық Нұргүл Зиханова келді. Айтуынша, осыдан бес жыл бұрын елімізге танымал әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарасытырып, жасырын сүйіктісі болған. Тіпті одан шекесі торсықтай «ұл таптым» дейді. Ал орындаушының өзі ұлды мойындай ма?

Астарлы ақиқат. Арнайы репортаж: Өлтірді, өртеді

Ойран болған отбасы. Алматы облысы Жапек батыр ауылында түгелдей бір отбасы жалын құшып, жауыздықпен өлтірілген. 14 қыркүйекте болған оқиғаға күдікті деп танылған азамат әйелін бауыздап, денесін тілгілеп тастаған. Айтуға аузың бармайтын әрекет істеді деген азғын, тіпті қарауында болған құлыншақтарды бірнеше рет пышақтап, қылмысын жасыру үшін үйін өртеп кеткен.

Астарлы ақиқат: 13 жастағы қыздың жұмбақ өлімі

«Қызымның қазасына құрбылары кінәлі». Осылай деп, студиямызға Алматы облысынан Әлия Тыныбаева келіп отыр. Сөзіне сенсек, осыдан үш жыл бұрын жасөспірім өзіне қол салған. «Айдың-күннің аманында айдай қызымнан айрылдым» деген ананың күдігі орынды ма? 13 жастағы оқушының өліміне кім кінәлі?

Астарлы ақиқат: Үздіксіз іздегенім менің...

Алпысқа таяған Шахизада Байбатжанованың өзі қартайса да, көңілі қартаймағандай. Желдей ескен жаңалықтарда төртінші рет тұрмыс құрып, өзінен 18 жас кіші азаматтың жүрегін жаулады. Тіпті үш баласы мен жарынан тартып алды деген қауесетті әнші теріске шығарады. «Тасада қалған талантты әріптесімді танытқым келіп еді, ойыннан өрт шығарын ойламаппын», - дейді әнші.

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.