{metadescription}
2024 жылға арналған астрологиялық болжам

2024 жылға арналған астрологиялық болжам

2024 жыл – барлық ел мен оның көшбасшыларына сынақ жылы. 2024 жыл – әлем көшбасшыларының ауысу жылы. Ал бұл – дүниетанымы өзгеретін, адамдардан жасырылған білімнің ашылатын жылы. Адамзат тарихы мен дамуында жаңа қозғаушы күш пайда болады.

    Жылдың ерекшеліктері. Жылдың ауруы көкбауыр мен бауырға байланысты. Жыл дәмі қышқыл, түсі көк, жасыл. Жыл өсімдігі – бидай. Жаңа 2024 жыл шығысқа, көктемге, таңға және оянуға сәйкес келеді. Ағаш жылының кураторы - Юпитер. Қаржы жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырайды. Қолма-қол ақшаның біраз қоры болғаны жөн. Шетелдік сапарды жоспарлаудың қажеті жоқ. Ең жақсы нұсқа - өз еліңізде өмір сүру және өз өміріңізді, жоспарларыңызды және жобаларыңызды реттеу. Сонымен қатар, көпшікке 2024 жыл өте қолайлы, жағымды оқиғаларға, жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Бала туу. Отау құру. ылжымайтын мүлік, автокөлік алу және жағдайдың жақсаруы. Арман. Түсіністік тек кейінірек болады.

2024 жылға арналған астрологиялық жұлдыз-жорамал.

Тоқты сыртқы ұсыныстардан сақ болады. Басқа адамдардың идеялары күмәнді болып көрінуі мүмкін. Жаңа серіктестермен ынтымақтастықты мұқият қарастырылады. Әрекет етуге дайынсыз, бірақ кез кез келген кезеңде іскерлік серіктестікті тоқтатуға қабілеттісіз. Бұл жылы белгілі бір процесті қалпына келтіруге, жақсартуға және аяқтауға бағытталған белгілі бір іс-шара қайта жалғасады. Достарыңыздың ортасында жаңа ықпалды адам пайда болады. Егер жұмыс саяхаттауды қамтымаса, қозғалыс аз болады. Және оның бәрі қысқа мерзімде болмақ. Шабыттандыратын өзгерістер жас туыстармен байланысты болады. Көпшілікке тұрмыс жағдайын жақсартып, елеулі жөндеу жұмысын жүргізуге болады. Бойдақтар отау құруға жақын.

Торпақ бұрын өзіне сенім артпағандардың жүрегін жаулайды. Көптеген адамға  жұмыс пен мансабында елеулі өзгеріс болуы мүмкін. Жастарға жағдай қашықтан қозғалуға немесе жұмыс істеуге байланысты болады. Іссапарлар жоққа шығарылмайды. Аға ұрпақтың достарымен және туыстарымен қарым-қатынасы маңызды болады. Жылжымайтын мүлік мәселесін шешуге тырысу қажет. Жақын адамдарының ортасында ақша тақырыбы маңызды болады. Отбасының кіші мүшесі басқалардың жалпы көңіл күйіне ықпал ету қажеттілігі туралы ойланасыз. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыбы сіздің ойларыңызды үнемі мазалайды, бұл әсерден құтылу мүмкін емес. Өткендегі белгілі бір тұлға сізді таңғаларлық жаңалығымен еске түсіреді. Бір кездері бастан өткерген тәжірибе сізге ұқсас жағдаймен бірге қайта оралады. Таңдау өз қолыңызда.

Егіздер өз бақытын басқаларға көрсетпейді. Өзгелерге іс жүзінде қолжетімсіз жаңа деңгейге шығаратын мамандықтың белгілі бір құпияларын түсінесіз және танисыз. Сабыр сақтап және тым жабысқақ адамдардан әрдайым өзін алшақ ұстау маңызды болмақ. Кез келген белсенді ортада өз адамдарыңыздың болуын сезіну де маңызды. Бұл әсіресе саяхатқа және жұмыс пен тұрмыс жағдайындағы белсенді өзгерістерге қатысты. Туыстарының қолдауы ерекше құнды болады. Отбасымен қарым-қатынас жылы және сенімді болады. Бұл жаңа мамандықты үйренуге және игеруге қолайлы жыл. Көптеген адамға физикалық үйлесімділік маңызды болады, бұл бақыт пен өзін-өзі қанағаттандыру сезіміне жайлы ортаны құру. Бейтаныс адамдар сізге жиі көмектеседі. Қарым-қатынастың жайлылығы сіздің жеке өміріңізде ерекше бір жеңілдік енгізуге мүмкіндік береді.

Шаян ұзақ уақыт бойы қолы жетпеген еркіндікті сезінеді. Іс-әрекет етуге және өз қолыңыздан келетін нәрсені істеуге қолайлы ортаны таба аласыз. Сіздің тартымдылығыңыз артады. Басқалармен қарым-қатынастағы өзгерістер көзге ұрып тұрады, тіпті кейде сізге де тән емес нәрселер. Әйелдердің өмірінде елеулі өзгерістер болады, ол тұрғылықты жерін ауыстырудан бастап, тіпті белгілі бір адаммен қатынасын заңдастыруға дейін. Яғни өмірін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік ашылады. Еркектерге іскерлік салада жетістік, жаңа ынтымақтастық мүмкіндігі және жалпы өмір сүру деңгейінің жоғарылауы тән болады. Өмірдің материалдық жағы күшейе түседі. Жоспарланған сапарлар мүмкін. Жеке пайда мен өз жайлылығыңызды негізге ала отырып, жоспарларыңызды жиі өзгертесіз.  Достарыңыз азайғанымен, осыған байланысты ниетіңіз басқалардан қашықтығын арттыруға бағытталады. Отбасында өте маңызды өзгерістер күтіледі.

Арыстан кәсіби қызметтегі табысын арттырады. Басқаларға жеке әсер ету аспектісі маңызды болады. Көбінесе мақсат өзін-өзі растау, ең жақын ортада көшбасшылық қасиеттерін көрсету болады. Әсіресе, егер көшбасшы болсаңыз. Бизнеске және жұмысқа шығармашылық көзқарас жеке танымалдылықтың жақсы жолы. Белгілі бір топ немесе жаңа серіктестер сізге таныс емес оқу жағдайына негізделген дағдыны, тәжірибені және білім алу мүмкіндігін ұсынады. Ұзаққа саяхаттауға болады. Белгілі бір міндеттемелермен жиі шектелесіз. Бұл қаржы және кәсіби билікке қатысты болады. Бұрынғы адаммен қарым-қатынасты қалпына келтіруге болады. Туыстарыңыздың бірімен немесе көптен бері жүрген достарыңызбен тағдырлы кездесу күтілуде. Өткен уақыт сізді басқа адамдардың естеліктері арқылы артыңыздан еріп отыралы.

Бикеш  үміт пен еүту. ге үмітолы. Өміріңізге ең жақсы өзгерістер шынымен де енеді. Көбінесе ол жасы кіші туыс арасындағы оқиғалардың өзгеруімен байланысты болады. Бұл сізге жақын адамға маңызды жылжымайтын мүлік мәселесін шешуге көмектесуге мотивация береді. Бұрын өмір сүрген тағдырдың ережелері сіздің түсінігіңізді өзгертеді. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы сіздің әлеуметтік ортаңыздың бір бөлігі болатын жаңа адам белсенді рөл атқарады. Кәсіби қызметте өзгеріс болуы мүмкін. Сірә, жұмыс сол күйінде қалады, бірақ орта, ережелер немесе жұмыс жағдайы өзгереді. Жақсы әсер беретін ерекше адамға жақын боласыз. Ақырында, сіз мұны қиын жағдайларда ең жақсы қолдау ретінде бағалай аласыз. Кәдімгі өмір сәл өзгереді. Аздап еркіндік пен тәуелсіздік пайда болады.

Таразы бұрынғы еңбектерінің нәтижесін көретін болады. Құпиялылықты ескермей, сұрауыңызды білдіруге және белгілі бір оқиғаларға бәсекеге түсуге болады. Әріптестердің қолдауының арқасында іскерлік ынтымақтастықты таңдау жағдайы жүзеге асырылады. Қаражатты инвестициялау және қызмет түрін таңдау үлкен мәнге ие болады. Сіз көбінесе кәсіби мәселелерге назар аударып, ұжымдық шешімдерден тәуелсіздікті артық көресіз. Туыстармен қарым-қатынаста сенімді жылулық, сенім және ымыраға келу қабілеті пайда болады. Сонымен бірге олардың біреуімен ажырасасыз. Үлкен сатып алу, үйге маңызды сатып алу күтілуде. Жеке өмірде көптеген Таразылар әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне байланысты тағдырлы шешім қабылдайды.

Сарышаян кез келген қоғамда еркін және позитивті адам болып көрінеді. Сіз басқалардың назарын аударатын магнит сияқты боласыз. Сізге көп адам қызығады, тамсанады. Бұл сіздің тарапыңызға пайдалы пікірлес тартудың ең жақсы тәсілі болмақ. Көбісінде бірден бірнеше нәрсе болады. Және оның барлығы маңызды. Сіз алдыңғы жетістіктерге сүйене отырып, алға қойған мақсаттарыңызға анық ұмтыласыз. Жоспарларыңыз әрдайым дерлік жасырын болады, бірақ сіздің жетістіктеріңіз бірден бәріне белгілі болады. Өміріңізде бұрыннан үлкен маңызға ие болған адамдармен көптеген кездесу болады. Алыстан келген әріптеспен ынтымақтасуға болады. Туыстармен, әсіресе жастармен қарым-қатынас жылы және сенімді болмақ. Көптен бері келе жатқан жанжалды шешу мүмкіндігі бар. Бұл аға буынға қатысты. Қаржылық жағы жеке бастама арқылы жақсарады. Жеке өміріңізде өзара сезімнің күшті толқыны пайда болады.

Мерген кәсіптік мүддені алға жылжыту қажет болса, кез келген аңызды тудыра алады. Жұмысыңызда жаңа идея пайда болады. Бұрынғы сенімді қарым-қатынасқа негізделген ынтымақтастық табысты болмақ. Кейбір ресми кеңседен өтіп, жеңілдік шарты бар маңызды құжатты алуыңыз мүмкін. Бұрынғы әрекеттеріңіз қиын мәселені басқалардан бұрын шешуге көмектеседі. Өміріңізді құлпыртқыңыз келеді, өмір сүру жолыңызды жандандырғыңыз келеді. Сіздің бастамаларыңызды жақын ортаңыз үнемі мақұлдайды. Көбісі жаңа нәрсе салумен, күрделі жөндеу жұмысымен айналысасыз. Үлкен сатып алулар сіздің күнделікті өміріңізге қуаныш әкеледі. Бойдақтар жаңа махаббатын кездестіреді. Отбасы бар адамдар қарым-қатынасын нығайтуға барын салады.

Тауешкі ұмытылған ережелер мен белгілі бір көзқарасы өміріне қайта оралады. Бұл белгілі шеңбердегі және нақты адамдармен қарым-қатынаспен байланысты болмақ. Сыртқы көрініс пен көрнекі дүниедеөзгерістер үлкен мәнге ие болады. Өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді кәсіби мәселені шешуде көп пайдаланасыз. Жабық қоғамға жолдама, тарихи өлшемдегі маңызды оқиғаға қатысуға шақырыласыз. Жаңа жұмыс немесе бұрынғы әріптестермен уақытша ынтымақтастық туындауы мүмкін. Жоспарларыңызды өзгертетін жаңалық үлкен туысқаныңыздан келеді. Кейде сіздің күнделікті өміріңіз әдеттегідей болады. Барлығын болжауға болатын сияқты. Бірақ оқиғалар құйындай соғатыны, күтпеген және күшті болатыны сонша, сіз жағдайды әрең жеңе аласыз. Әсіресе жеке өмірде. Үйіңізде тұратын адамдардың саны өзгереді.

Суқұйғыш ағымдағы байланыстарға сүйене отырып, өмір сүрудің бұрынғы қалыптасқан түрін біртіндеп өзгертеді. Жаңа мотивация, шабыт келеді. Ол туралы ешкімге тіс жармайсыз. Басқаларға көрсетілмейтін жасырын қарым-қатынас та маңызды болмақ. Кейбір достарыңызға көбірек көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер тізбегінің таптырмас буынына айналасыз. Шексіз сенім, әрине, әрқашан жақсы, дегенмен сізді ұялмай-қызармай жеке басының мүддесіне пайдалануға тырысатындар болады. Өзгерістер бизнес саласы мен кәсіби жұмысқа қатысты болмақ. Саяхат, жаңа танысу және қосымша жұмыс ұсынылуы мүмкін. Жеке өміріңізде мистикалық сипаттағы бірқатар оқиға болады. Өткендегі оқиғалар құтты бір болашақтың ерекшеліктерін қалпына келтіріп жатқандай. Ал сіз оның билігіне енесіз.

Балық қазіргі жағдайының басты басымдығы ретінде сәйкестік ережесін таңдайды. Қиял әлемінде, жалған идеалдардың тұтқынында өмір сүргеніңіз үшін сізді сөгуі мүмкін. Бірақ сізде алдағы мәселелерге сәйкес келетін жеке жоспарларыңыз және оны жүзеге асыру үшін күш жеткілікті болады. Өмірдің барлық саласында дерлік жаңару болады. Бірақ бұл тізімнің басында тұрмыстық сала мен тұрмыс жағдайы тұр. Көптеген Балықтар белгілі бір қарым-қатынас пен әрекеттерді заңдастыру қажеттілігіне тап болады. Көбінесе бұл қаржы аспектісінебайланысты болады. Туыстарының немесе ұзақ уақыт серіктерінің бірімен байланысты қалпына келтіруге болады. Маңызды шешім қабылдауға қолайлы сәт туады. Жылжымайтын мүлік тақырыбы тағы да шындыққа айналады. Соңғы кезеңді жақсы кезең ауыстырады.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде