{metadescription}
Жер сілкінісі туралы деректер
Жер сілкінісі – ең жойқын әрі қорқынышты табиғат құбылыстарының бірі. Оны алдын ала болжау мүмкін емес, онымен күресу де мүмкін емес. Қолдан келетіні тек – зілзаланың келтіретін зиянын барынша азайтуға тырысу.
Автор: Заира Сабитова
- Ғаламшарда жыл сайын миллионға жуық жер сілкінісі болады, бірақ оның көбі қауіп тудыратындай соншалықты күшті емес.
- Жер сілкінісі табиғи себептермен де, жасанды себептермен де болуы мүмкін, мысалы, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі жерасты жарылыстары.
- Қатты жер сілкінісі Жерде орта есеппен айына екі рет болады, бірақ көбінесе елдімекендерде емес.
- Мұхит түбіндегі жер сілкінісі жойқын цунами тудыруы мүмкін.
- 2013 жылы Охот теңізінің астындағы терең жер сілкінісінен болған сейсмикалық толқындар Мәскеуге жеткен, оны сейсмографтар тіркеген болатын.
- Тарихтағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі 1139 жылы қазіргі Әзірбайжан аумағында болды, нәтижесінде тау өзенге құлап, оның арнасын жауып тастады, осылайша Гёйгёль көлі пайда болды.
- 1556 жылғы ұлы Қытай жер сілкінісі ажал құшқандар санынан рекорд жасады — 800 мыңнан астам адамның өмірін қиды.
- Орташа жер сілкінісі шамамен бір минутқа созылады.
- АҚШ-тың Калифорния штатындағы Паркфилд қаласында екі тектоникалық плитаны байланыстыратын көпір бар.
- Жер сілкінісі Оңтүстік жарты шарға қарағанда Жердің солтүстік жарты шарында көбірек болады.
- Айда да жер сілкінісі, дәлірек айтсақ, ай сілкінісі бар. Оның табиғаты әлі анықталмаған.
- Алғашқы сейсмограф екі мың жыл бұрын Қытайда ойлап табылған.
- Барлық маңызды жер сілкіністерінің 80 пайызы Тынық мұхитының астында болады.
- 1960 жылы Чилидегі жер сілкінісінен кейін цунами толқындары алты мың шақырымнан астамға дейін жеткен.
- Жерасты толқындарының тіркелген ең жоғары жылдамдығы сағатына 360 шақырымды құрайды, бұны жүйрік, жарыс автомобилімен салыстыруға болады.
- Жануарлар, мысалы, егеуқұйрықтар жер сілкінісі қаупін алдын ала сезе алады.
- Жер сілкінісінің ошағы бұрын-соңды тіркелген ең тереңі 750 шақырымды құрайды.
- 2011 жылы Жапонияда болған жер сілкінісінен туған цунами толқыны Фукусима қаласындағы атом электр станциясын қиратып жібергені соншалық, планетамыздың өз осінің айналасындағы дірілін он алты сантиметрге арттырды.
- Ежелгі заманнан бері Оңтүстік Америкадағы инк халқы жер сілкінісі туралы білген, сондықтан инктердің ғимараттары жер сілкінісіне төзімді болу үшін салынған.
- 1811 жылы Америка Құрама Штаттарында болған жер сілкінісінен кейін Миссисипи өзенінің кейбір бөлігіндегі ағын біраз уақытқа өзгерді.
- 2015 жылы Непалдағы жер сілкінісінен кейін Эверест шыңының биіктігі екі жарым сантиметрге төмендеді.
- Дүниежүзіндегі жер сілкінісі ең қауіпті елдер Жапония мен Чили Республикасы.
- Ең ұзақ тіркелген жер сілкінісі 2004 жылы Үнді мұхитында болды, ол он минутқа жуық уақытқа созылды.
- 2010 жылғы Чили жер сілкінісі Консепсьон қаласын үш метрге ары қарай жылжытты.
- Әлемдегі әрбір төртінші жер сілкінісі Жапонияда болады. Мысалы, 1930 жылы 5744-і рет тіркелген.
- Қайталанатын жер асты дүмпулерін де алдын ала болжау мүмкін емес. Ғалымдардың айтуынша, афтершоктар бірнеше апта қатарынан немесе бірнеше айға созылуы мүмкін.
- Тегіс жерлерде жер сілкінісі сирек кездеседі, сондықтан ол әдетте болмайды, мысалы, Беларусьте. Бұрын-соңды жер сілкінісі болмаған елдердің қатарында Катар, Сауд Арабиясы, Андорра, Швеция, Норвегия, Финляндия, Мальта және Барбадос бар.
- Жер сілкінісі кезінде ғимараттағы ең қауіпті жер: сыртқы және ішкі қабырғалардың үлкен әйнек саңылаулары, бұрыштағы бөлмелер, әсіресе жоғарғы қабаттағы және баспалдақтар.
- Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жер сілкінісінен екі сағат бұрын жер шексіз және ешқандай сілкініссіз жай қозғалатын көрінеді. Сейсмикалық ығысу деп аталатын бұл қозғалыс жойқын жер сілкінісі болғанға дейін болжаудың әлеуетті жолы болуы мүмкін дейді.
- 11 балл (апат) – ол жер бетіндегі көптеген жарық пен шұңқырлар, таулардағы ірі көшкіндер. 12 балл (ауыр апат) – жер бедерінің елеулі өзгерістері.
- Қазіргі уақытта жер сілкінісінің жаршы, хабаршысы бола алатын құбылыс: форшоктар, аномальды атмосфера құбылысы, жер асты су деңгейінің өзгеруі, жануарлардың мазасыз әрекеті.
- Жер сілкінісіне қауіпсіздеу ғимарат: монолитті үйлер, соның ішінде Velox технологиясын пайдаланатын жеңіл қала маңындағы құрылыстар. Барлық стандартқа сай салынған ағаш үй 8-9 балл жер сілкінісіне де төтеп бере алады. Газоблоктан салынған үйлер кірпіш үйлерге қарағанда төзімді.
- Алматы және Шымкент, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы сейсмикалық қауіпті аумақтарға жатады.
- Жер сілкінісінде 11 балл - қайғылы. 12 балл - өте қайғылы, жер бетінде бірде-бір ғимарат қалмайды.