{metadescription}
Қазақстанда пәтер бағасы арзандап жатыр

Қазақстанда пәтер бағасы арзандап жатыр

Қазақстанда екінші нарықтағы үйдің бағасы төмендеп жатыр. Тұрғын үй саласындағы аналитика қызметінің мәліметінше, ақпанда мониторинг жүргізіліп жатқан 18 қаланың тоғызында пәтер арзандаған. Ақтауда баға өте қатты төмендеді: —2,4%. Тоғыз қалада пәтер қымбаттады. Астанада пәтер құны қатты өсті — бір айда 2 %-ға жуық. Алматы мен Шымкентте баға аз ғана көтерілді.

Бұл туралы Krisha.kz жариялады.  

Желтоқсан-ақпан аралығында Қазақстанда орташа баға шаршы метр үшін 371 мың теңге болды. Желтоқсанда 370.9 мың болса, қаңтар мен ақпанда төмендеп, 370.6 мыңға дейін төмендеді (қаңтарда 370.7 мың).

Ең қымбат және арзан пәтер қайда

Ақпанда ең қымбат пәтері бар 3 қала:

  • Алматы — 724 мың;
  • Астана — 485 мың;
  • Шымкент — 421 мың.

Ең арзан пәтері бар қалалар:

  • Қызылорда — 238 мың;
  • Ақтөбе — 290 мың;
  • Талдықорған — 301 мың.
Қала Ақпан, тг/шаршы м. Қаңтар, % Ақпан 2023 ж., %
Алматы 724 183 0.4 1.4
Астана 484 948 1.8 0.2
Ақтау 314 123 –2.4 2.3
Шымкент 421 415 0.2 –2.3
Қарағанды 380 475 –0.7 –0.9
Орал 309 783 0.2 –1.7
Өскемен 378 825 0.4 –4.6
Петропавл 357 780 –0.7 –4.5
Павлодар 369 638 0.3 –4.5
Тараз 308 635 1.4 –1.3
Ақтөбе 290 343 0.9 –0.6
Қостанай 367 528 –0.9 –3.7
Семей 354 943 –0.2 –2.5
Көкшетау 307 708 0.4 –3.0
Атырау 391 723 –1.1 –0.9
Қызылорда 238 235 –0.4 –0.5
Талдықорған 301 003 –0.6 –3.3
Түркістан 309 645 –1.1

 *Биыл қаңтарда қосылды. Динамика Түркістанды санамағанда көрсетіліп тұр

Бір жылдағы өзгерістер

Былтыр ақпандағы орташа бағамен салыстырсақ 1.4 %-ға төмендеген.

13 қалада шамамен 0.5–5 % теріс динамика байқалды. Осы кезеңде бағаның максимал төмендеуі Петропавл және Өскемен қалаларында (—4.6%) болды.

Төрт қалада баға өсті: Ақтау (+2.3%), Алматы (+1.4%), Тараз (+0.6%), Астана (+0.2%).

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде