{metadescription}
МӘМС: Қандай көмек тегін? Кім қанша жарна төлейді

МӘМС: Қандай көмек тегін? Кім қанша жарна төлейді

МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола ала ма? МӘМС қандай медициналық қызметті қамти алады? Биыл 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері қалай өзгерді?  

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

– профилактикалық медициналық тексерулер;

– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

– медициналық оңалту;

– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары колл-орталық 1414 нөмірі немесе Qoldau мобильдік қосымшасы арқылы өтініш қалдыра аласыз: 

Жарна төлеушілердің санаты

Біріншісі – мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдік санаты: балалар, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декреттік демиалыста отырған аналар, мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін азаматтар, студенттер және тағы басқалары кіреді. 

Жеңілдік берілген халықтың жалпы саны 11 млн-ға жуық. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңге.

Биыл жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін бұрынғыша, жалақының 3% мөлшерінде аударым жасайды.Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды.

Жұмыс беруші аударымды өз қалтасынан төлейді. Ал, жұмыскерлер жалақысынан 2% ұстап Қорға аударады.

Жарнаның шекті мөлшері 10 ең төменгі есептік көрсеткіш немесе 17 000 теңгеден аспауы тиіс.

Одан кейінгі санат – жеке кәсіпкерлер.

Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар да осы санатқа кіреді. Олар бұрынғыша 1,4 ең төменгі жалақынының 5 процентін төлейді.

Биыл ең төменгі жалақының өсуіне байланысты бұл сома 5950 теңгеге жетті. 

Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндер сақтандыруға бұрынғыша табысының 2% аударады.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар. Бұл азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылу үшін екі түрлі әдісті пайдаланса болады.

Біріншісі – дербес төлеуші ретінде бір ЕТЖ-ның 5% немесе 4250 теңге төлеу.

Екіншісі - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде