{metadescription}
Пәтерді сату үшін қандай құжаттар қажет

Пәтерді сату үшін қандай құжаттар қажет

Тұрғын үйді сату үшін қандай құжаттарды дайындап алу қажет? Баспана сатып алу-сатуда ең маңызды құжат не? Пәтер сатқанда меншік иелерінің арасында кәмелетке толмаған бала болса, ол қалай рәсімделеді? Тұрғын үйдің техникалық параметрі қандай болады? Ауыртпалықтар деген не?   

1. Сатып алу-сату келісімшарты

Ең маңызды құжат – құқық белгілеуші. Көбінесе бұл сатып алу-сату келісімшарты. Бірақ басқа да, шамамен 20-ға жуық түрі бар: айырбастау,  сыйға тарту, жекешелендіру келісімшарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, сот шешімі және т.б.

2. Меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама

2018 жылы және одан кейін баспана алғандардың құжаты болуы керек. Бұған дейін мемлекеттік тіркеу белгісі сатып алу-сату келісімшартында көк түсті мөр болған.

3. Жеке басын куәландыратын құжат

Жылжымайтын мүліктің егер бірнеше иесі болса, әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжаты талап етіледі.  

Құжаттар мерзімінен өтіп кетпеген болуы керек.

Мәміле жасаған кезде меншік иесінің өзі қатысуы керек немесе сатуға келісімін растайтын нотариалды куәландырылған сенімхаты болғаны дұрыс.  

Меншік иелерінің арасында кәмелетке толмаған бала болса, оның туу туралы куәлігі және қорғаншы және қамқоршы органының рұқсаты қажет. Балалар 18 жасқа дейін өз бетімен тұрғын үйді басқара алмайды.

4. Пәтердің техпаспорты

Онда тұрғын үйдің техникалық параметрлері бар: мекенжайы, кадастр нөмірі, салынған жылы мен материалы, ауданы мен жоспары. Үйдің жобасы  көрсетілгенге сәйкес келуі керек.

Егер пәтеріңіздің ішін қайта жобалаған болсаңыз, онда сәулет органдарынан растайтын құжаттар болуы керек: бекітілген жоба және пайдалануға беру актісі. Ол сізге қажет болады, егер үйіңізді ипотека бойынша сататын болсаңыз – растайтын құжатсыз банк несиені мақұлдамайды.

5. Ауыртпалықтар туралы анықтама (обременения)

Ол пәтердің кепілде немесе қамауда емес екенін және меншік иесінің өз мүлкіне билік етуге заңды құқығы бар екенін растайды.

Құжат тегін беріледі. Нотариус оны мемлекеттік электрондық деректер базасынан өзі-ақ ала алады. Ол анықтама тек берілген күніне ғана жарамды.

6. Жұбайының келісімі

Егер жылжымайтын мүлікті сатушы некеде болса, жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Оны нотариус рәсімдейді.

 

Есіңізде болсын: нотариуспен мәмілені аяқтағаннан кейін, меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізуді ұмытпаңыз.

Сатып алу-сату келісімшарты меншік құқығын растамайды, тек оның негізі болып табылады.

Сіз оны eGov сайтында, халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста өзіңіз рәсімдей аласыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҮЙДІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЖАҚСЫ БАҒАҒА САТЫП ЖІБЕРГІҢ КЕЛСЕ ...
ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫНА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ

TРЕЙД-ИН: ЕСКІ ПӘТЕРДІ ЖАҢАСЫНА ҚАЛАЙ АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ
ИНТЕРНЕТТЕ ЕСІРТКІ ТАРАТУШЫЛАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАЗА
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: НЕГІЗГІ СИПАТ. ЖӘРДЕМАҚЫ. ОНЛАЙН-ЖҰМЫС. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

БАЛАМ ЖОҒАЛЫП КЕТПЕСІН ДЕСЕҢІЗ...

ЖАЛҒА АЛҒАН ҮЙГЕ КІРМЕС БҰРЫН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ПӘТЕР ЖАЛДАҒАНДА АЛДАНЫП ҚАЛМА

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде