{metadescription}
2024 жылдың тамыз айына астрологиялық болжам

2024 жылдың тамыз айына астрологиялық болжам

2024 жылдың тамыз айы. Астрологтардың тамызға жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің тамыз айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

2024 жылдың тамыз айына астрологиялық болжам.


Тоқты өзінің алаңдаушылығын туыстарымен қарым-қатынасына аударады. Сіз өзгелерді алаңдатуыңыз мүмкін.  Осы кезеңде сөмірге, серіктестікке деген көзқарасыңызға күмән келтіре отырып, тағы да жаһан мәселелерне назар аударасыз. Ішкі көтеріліс сіздің ескі құндылықтарыңызды өзгертуі мүмкін. Сезімдер басым болып, жанжалға, басқаларға қойылатын талаптың артуына әкелуі мүмкін. Тамыз оқиғасы да осы көңіл-күйге сәйкес келеді. Көп уақыт хабарласпаған бұрынғы таныстармен, көптен бері араласпаған достармен риясыз кездесу болуы мүмкін. Таңғажайып табиғат туралы жаңалық әйел жағынан келеді. Туысқандармен сыйлық алмасасыз. Егер белгілі бір мақсат болса, сапар сәтті болады. Жылжымайтын мүлік мәселесін ең жақын адамдар арасында талқылау өзекті болады.

Торпақ кейбір әрекеттерін немесе бұрынғы серігімен ынтымақтастықты жалғастырады. Перспектива, жаңа мақсат пен артықшылықтар айқын көрініс табады. Осы кезеңде жақындарының игілігі үшін, отбасының жас мүшелеріне қамқорлық жасауға көп күш жұмсайды. Күнделікті тақырып күн сайын басым болады. Бірнеше мүдделі адамды біріктіруге қатысты маңызды шара ұйымдастыру қажет. Қаржы жағыан пайда анық болады. Осы кезеңде ақша сізге қосымша жерден келеді. Бұрынғы әріптесіңізбен немесе көршіңізбен жоспардан тыс кездесуіңіз мүмкін. Дене жұмысы жағдайында қауіп болуы мүмкін. Жеңіл жарақат жоққа шығарылмайды. Бойдақтар біреудің жүрегін жаулауға тырысады. Бұл үлкен және маңызды өзгерістердің басы.

Егіздер өзінің бәрін байқай алатын қасиетіне риза болады. Егжей-тегжейлерге назар аудару сізге материалдық мәселелер мен қаржылық қатынасты шешуге көмектеседі. Бейтаныс адамдармен жиі араласуға, күрделі жаңа мәселелермен айналысуға тура келеді. Көптеген бос кездесу, мағынасыз қарым-қатынас, қысқа жол күтілуде. Қатты шаршағаныңызды және жалғыздықты сезінесіз. Дегенмен, дәл қазір назарыңызды аударуға тырысатын белгілі бір жабысқақ, жалықтыратын адам пайда болады. Жұлдыздар сараң және өзімшіл адамдармен араласпауды ескертеді. Айналаңызда тұрақсыздық, жалған уәде мен әрекетсіздік көбірек болмақ. Жетілген түйсігіңізге қарамастан, сізге лайықсыз адамдардың жетегінде ілесіп кетуіңіз мүмкін.

Шаян ешкімнің көмегінсіз, мүмкіндігінше  орындай алатын істерін нақтылайды. Сіз белгілі бір тұрақтылықты, тыныштықты сезінеді. Және бұл іштей тынышталып, жайбарақат демалуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге көптен бергі серігінің жаңалықтары да ойға азық болмақ. Маңызды материалдық мәселені аяқтауда бірлескен іс-әрекеттер талқыланады. Көбісіне бұл мүлікке қатысты мәселе болады. Мұнда жөндеу немесе құрылыс жұмысы күтілуі мүмкін. Шамадан тыс көп адаммен қарым-қатынас, мазасыз кісілер бірқатар қолайсыздық тудырауы мүмкін. Дос-жаран, таныстар сізбен араласуға және кездесуге ұмтылады. Ас беру, мерекелік шараға қатысу күтіледі. Сыртқы келбеті, гардеробты өзгерту, сауда жасау тақырыбы маңызды тақырыпқа айналады.

Арыстан күш-қуаты артып, өзінің бәрін дұрыс істеп жүргеніне сенімі артады. Өз салаңызда білім диктаторы, көпшіліктің көшбасшысы боласыз. Кәсіби сала негізгі әрекет алаңына айналады. Ресми кеңсеге баруға, тар шеңбердегі отырысқа қатысасыз. Пайдалы таныстарды пайдалану және ықпалды меценатты қолдау үшін жақсы мүмкіндік туады. Сіздің бастамаңызбен бұрынғы әріптесіңізбен байланысуға болады. Мүмкіндіктеріңіздің ауқымын кеңейтетін мазмұнды әңгіме болады. Жақын досыңызға сыйлық сатып аласыз. Сіздің тарапыңыздан қаржылық қолдау көрсетуге болады. Сезім жағы күшейеді. Бірақ бұл кезеңдегі кездесу ақыры көңілін қалдыруы мүмкін.

Бикеш өзіне үйреншікті емес жағдайға дағдылану үшін басқалардың әрекетін асықпай күтуге мәжбүр болады. Сіздің мақсат үй шаруашылығы аясында белгіленген, ал әрекеттеріңіз асықпай ойластырылған. Таныс орта тыныштық пен сіз бәрін дұрыс істеп жатқаныңызға қосымша сенімді артырады. Бұл азғырулардан бас тарту, белгілі бір стандарттарға сәйкес күш салу қажеттілігімен байланысты барлық нәрседен арылу кезеңі. Ұзақ уақыт бойы дегбіріңізді қашырған белгілі бір қарым-қатынас өздігінен жойылады. Жақын адамдарыңызбен қарым-қатынаста да, жалғыз болған жағдайда да жасырын мағына табасыз. Көптеген адамдар үшін тамыз кәсіби саладағы байланысты соңғы ретке келтіру, командада немесе тіпті отбасында өз орнын таңдаудағы сенімділік айы болады. Жастар жаңа таныстықта керемет сезімге бөленеді.

Таразы серіктесінің әсерімен жаңа жағдайға тартылады, мұнда алмасу элементі маңызды шарт болады. Кадрлық саясатқа ықпалыңыз болса, кадрлық ауыс-түйіс, жаңа тұлғалардың пайда болуы мүмкін. Құқықтық мәселені шешу, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негізделген іс қағазы мен құжаттарға қол қою қажет. Бұл ірі сатып алулар, ауқымды жоба және жаңа еркіндікке қол жеткізу кезеңі. Қаржылық тәуелсіздік шабыттандырады. Бірақ бірінші кезекте сенім элементі немесе оның жоқтығы туындайды. Бұрынғы серіктердің бірінің жасырын әрекетінің нәтижесі шығады. Бұл сізге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаңа бағыттағы сапар күтілуде.Құпия кездесу болады. Денсаулықты күту керек. Тұрмыста жарақат алудан сақ болыңыз. 

Сарышаян ең бастысы – жаңа әрекеттер схемасын құру туралы ойланады. Сіз бұрындары ең жоғары басымдық беріп келгенді қажетсіз деп алып тастайсыз. Бұл жұмыста да, басқалармен қарым-қатынаста да артық салмақ салатын дүниелерден босатады. Дегенмен, сізді жаңа қызмет түрі қызықтырады. Тренинг және белгілі бір білім алу туралы ешкімге тіс жармайсыз. Қозғалыс өмірдің барлық дерлік саласында болады. Іссапарға жақсы уақыт. Бұрынғы келісім бойынша ынтымақтастық үшін бірқатар сауда жүргізесіз. Қаржылық табыс – белгілі бір ақша түріндегі сыйлық күтіледі. Сіздің рөліңіз белгілі бір қатынаста керемет болады. Тіпті басты қарым-қатынаста деуге болады.

Мерген қол-аяғын үнемі кісендеген міндеттерге қарамай, өз істерін жоспарлайды. Белгілі бір мүмкіндіктер беретін жаңа еркіндік деңгейін сезіне аласыз. Сыртқы әбігерге, жасалатын істердің үлкен тізіміне қарамастан, жайлы жағдайда демалудан және жақсы достармен асықпай қарым-қатынас жасаудан бас тартпайсыз. Осы кезеңде эстетикалық бағытты меңгеру, үйге және жақын адамдарға бір нәрсе сатып алу күтілуде. Қаржылық аспект сапарды жүзеге асырумен байланысты болады, бұл сізді қобалжытып, өміріңізге тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. Бұл кезеңдегі ақпарат шашыраңқы болуы мүмкін. Алып-қашпа өз, өсек, жасырын әңгіме көп болады. Ересек туыстарға сабырлы, ұстамды болыңыз. Сізбен жанжалдасып, сізге ренжуі мүмкін.

Тауешкі күш-қуат пен жаңа мүмкіндікке деген сенімі артады. Көптеген адамдар үшін бұл арманның кереметін көз алдыңызда жоғарылататын уақыт болады. Ұзақ уақыт бойы ұмтылған істер шын мәнінде орындала бастайды. Ұзақ мерзімді жоспарларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Жақындарыңыздың қолдауы мен назары айқынырақ болады. Тіршілік ету ортасы, айналасы, үйреншікті өмір салты өзгереді.  Кейбіреудің қызметі ауысады. Бұл кезеңдегі жұмысқа орналасу ресми және міндетті емес, тегін және шығармашылық болады. Сіз өз маңыздылығыңызды, ерекшелігіңізді сезінесіз. Бұл өмірдің іскерлік немесе әлеуметтік жағына ғана емес, сонымен қатар жеке өмірге де қатысты болады.

Суқұйғыш кезінде қажетсіз деп қаралмай қалған, назардан тыс қалған құндылықты күнделікті өміріне ақырындап енгізе бастайды. Енді бақытты ойлар мен ақталған үміттерге уақыт бөле бастайсыз. Көкжиекте жаңа махаббаттың сұлбасы көрінеді. Өміріңізде сіз басқара алатын өзгерістер уақыты табылады. Жоспар өзгереді және әрекеттеріңіз болашақ перспективаға шабыт беретін бастама болады. Мүмкін сапарға, іссапарға шығасыз. Әрекеттеріңіз үнемі серіктестік негізінде құрылады. Ескі қарым-қатынас жаңа шарттармен қайта жалғасады. Тіршіліктің сыртқы формасы маңызды болатыны соншалық, тіпті сезімнен де асып түседі.

Балық жаңа мүмкіндіктердің үлкен мәнін көретін болады. Өз өмір сүру жолыңызды толық өзгертуге деген үмітке ниеттісіз. Қаржылық жағдай сізді болжау мүмкін еместігімен мезгіл-мезгіл алаңдатады, бірақ тұтастай алғанда сіз әрқашан жеңіске жеткізетін жағдайдың тиімді схемасын құрасыз. Бұрынғы досыңыздың қолдауы күмән мен уайымнан арылтады.  Құқық мәселелермен айналысуға қолайлы уақыт емес. Құжаттарды дайындау және құжат өткізуге мүмкіндік бар. Күш-қуатыңызды қалпына келтіру үшін сауықтыру сипатында профилактикалық шаралардың қысқа мерзімді кезеңі бұл. Жаман әдеттерден және артық салмақтан арылыңыз. Сезім ақылға бағынады. Қарама-қарсы жынысқа деген сенім азаяды.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде