Лайфхак: Пәтер сатып алу үшін қалай ақша жинау керек
Пәтер сатып алу үшін ақша жинау мүмкін бе? Неден бастау керек? Қандай қиындықтарды жеңу керек? Жинақтарымызды қайда сақтау керек? Ең болмағанда ипотека бойынша бастапқы жарнаға қанша уақыт үнемдеу керек? Бұл сұрақтарға әдеттегі қаржы сарапшылары емес, өз қаражатын жинап үй сатып алған қарапайым адамдар жауап береді. Олар өз оқиғасын айтып, ақыл-кеңестерін береді. Бұл өз үйін,өлең төсегін армандап жүргендерге арналған лайфхак.
Автор: Заира Сабитова
Пәтер сатып алудың 5 ережесі
1. Шешім қабылдау
Өз баспанаңды алуда ең маңызды қадам депозит ашу, болмаса тамақ үнемдеу емес. Ең бірінші істейтін нәрсе — нақты шешім қабылдау. Қабылданған шешім салмақты және ойластырылған болуға тиіс. Бұл қайта оралатын немесе қайта қарастырылатын мәселе болмауы керек.
Проблема неде?
Тартыншақтау — баспанаға ақша жинау сияқты үлкен бизнестегі өте күрделі кедергі. Бұл жағдай көпшілікке таныс: ақша жинау керек сияқты (пәтер өзін-өзі сатып алмайды), бірақ қазір оған жағдай жоқ, қолайлы кез туғанда жинай бастаймын, басқа мәселе бастан асады, алдымен ұсақ-түйек проблемаларды шешіп алайын және тағысын тағылар.
Біздің зерттеуімізге қатысқан адамдардың айтуынша, олардың көпшілігі бастапқыда осындай қиындыққа тап болған. Кейбіреулерін туыстары қолдамады, ал кейбіреулері мұның жүзеге асатынына күмәнданып, шешім қабылдауға ұзақ уақыт батылы жетпеген.
Не істеу керек?
Мұндай үлкен бастамадан қорыққан деген сенімсіздіктен туындайды. Қалай, қайда, қанша және нені үнемдеу керек? Қолымнан келе ме? Үнемдеп қалай өмір сүремін? Іс-әрекеттің нақты жоспары, нақты мақсаты және жақын адамдарының қолдауы сенімсіздікті жеңуге көмектеседі, онсыз қиын.
2. Мақсатыңды анықтау
Белгісіз, дерексіз нәрсеге ақша үнемдеу қиын. Ол үшін нақты нәтижесін елестетіп барып қана іске кіріскен жөн. Нарықты зерттеңіз, бағасын сұраңыз. Бірнеше жылдан кейін өз пәтеріңізге қалай кіретініңізді елестетіп көріңіз. Бұл жақсы ынталандыратын әдіс.
№ 1 оқиға. Қолымнан келе ме?
Үш жыл бойы «әне жинаймыз, міне жинаймыз» деп жүрдік. Бірақ жағдайымыз келмеді. Пәтер жалдап тұрдық, ақшамыз судай ақты. Бір күні біздің подъезде біреу пәтерін сататынын естідік. Қарап көріп едік, көңілімізден шықты. Содан қатты қызығып, тура осы пәтерді сатып аламыз деп, бірден іске кірістік. Әке-шешемізге, достарымызға айттық. Барлығы қолдады. Сол күннен бастап нақты мақсатымыз пайда болды. Пәтерді ипотекаға тез сатып алдық. Әжеміздің «Отбасындағы» депозиті жақсы көмектесті. Әжеміз біздің пәтер алатынымызды ести сала, депозитін бізге тарту етті.
3. Аз нәрседен бастаңыз
Пәтерге немесе армандаған үйіңе бір мыңнан бастап ақша жинаған, әрине, адам сенгісіз нәрсе. Әсіресе қазіргі нарықтағы ахуал – жылжымайтын мүлік бағасының тұрақты өсіп жатқан кезде. Алдымен бюджеттік арзанын қарастырыңыз. Орталықта емес. Шағын аудандар немесе қаланың шеті, жатақхана бөлмесі секілді. Ондай баспананың бағасы бірнеше есе төмен болады.
Егер бір бөлмелі болса, ауданы 45 емес, 40 шаршы немесе одан аз пәтерді іздеңіз. Кеңдігінде үлкен айырмашылық жоқ, бірақ жалпы алғанда бұл айтарлықтай арзан. Сонымен қатар, жөндеу және коммуналдық қызмет құны да арзанға түседі.
Алматыдағы тұрғын үйдің ең төменгі құны*
Жатақханадағы бір бөлме – 4 миллион, шағын отбасына – 9 миллион, қала сыртындағы жақын маңдағы 1 бөлмелі пәтер – 12 миллион, Алматыдағы 1 бөлмелі пәтер – 20 миллион.
Алғашқы жарна (әдетте шамамен 30%) сәйкесінше 1,2, 2,7, 3,6 және 6 млн.
*2022 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша.
Мәселе неде
Әрине, бәрін бірден алғың келеді. Бірақ нақты қарасақ, пәтерге ақша үнемдеу – ақырындап жүру өнері.
Не істеу керек
Бірінші алатын пәтердің уақытша екенін түсініңіз. Негізгі қажеттіліктеріңізді анықтаңыз. Қалғанын табыла жатады. 3-5 жыл үнемдесеңіз, сосын ыңғайлырағына ауыстырыңыз.
№2 оқиға: Сатып алды, сатып жіберді, қымбаттырағын сатып алды
Біріншіден, мен қала шетіндегі нашарлау пәтер сатып алдым, арзанқол жөндеу жұмыстарын жасап, қымбаттыраққа сатып жібердім, өйткені бағасы көтеріліп жағдай жақсарған болатын. Сосын біраз ақша қосып, қаладағы жаңа ғимараттан пәтер алдым.
4. Қаржы жоспарын жасаңыз
Сонымен, осы кезеңде сіз мынаны түсінуіңіз керек:
• нені және қаншаға сатып алу керек;
• қанша уақытқа;
• қанша үнемдеу керек;
• қайда сақтау керек.
Әмбебап қаржы схемасы бар, оған сәйкес кірістің кем дегенде 20% үнемдеу керек.
Бірақ біздің зерттеуге қатысқандардың барлығы 20% жеткіліксіз екенін атап өтті. Олар барынша үлкен соманы үнемдеуге кеңес береді. Тәжірибе көрсеткендей, 40 және 50% үнемдеуге болады.
Мысалы, жас жұбайлардың айына жалпы табысы 400 000 теңгені құрайды. Шамамен 200 000 теңге пәтер жалдауға және азық-түлікке, 120 000 теңге басқа нәрсе сатып алуға және 80 000 теңге тұрғын үй сатып алу жарнасына жұмсалады. 20 пайызын былай қойғанда, бір жылда жинақ сомасы 960 мың теңгені құрайды, 40 пайыз болса – 2 миллионға жуықтады.Яғни, бір жыл бойы шағын бастапқы жарнаға жинақтауға болады.
№2 оқиға: Қолдан келгенше ақша жидық
Біз қолымыздан келгеннің барлығын, әдетте 50-60 пайызын жинақтады. Шығындар барынша қысқартылды. Бір жылда 20 пайыз жинап, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасымен пәтер алды. Пәтер бір апта ішінде табылды.
Ақшаны қайда сақтау керек
Ақша сақтаудың бірнеше түрі бар:
• үйде сақтау;
• тек картада;
• банктегі депозитте;
• тұрғын үй жинақ салымында.
Бұл әдістердің әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігі бар.
Үйде ақша ұстаған қауіпті (ұрлануы мүмкін) және оның сыйақысы жоқ.
Шотта - қолма-қол ақшаны шешіп алып, қалағаныңды сатып алғың келіп тұрады, яғни еркін сауда жасауға итермелейді.
«Отбасы банкінде» депозит бойынша төмен пайыз мөлшерлемесі бар (2%-ға дейін), бірақ бұл соманың 50%-ы болса, арзан ипотекаға жол ашады.
Коммерциялық банкте – депозит мөлшерлемесі қолайлы, бірақ несиесі қымбат.
Лайфхак: екі депозит пайдалырақ
Сауалнамаға қатысушылар лайфхакпен бөлісті. Көптеген адамдар бірден екі банкте: кез келген коммерциялық банкте және «Отбасы банкінде» депозит ашады. Соңғысында, айтпақшы, бірден екеуін ашқан дұрыс (ерлі-зайыптылардың екеуіне де). Енді неге екенін айтамыз.
Екінші деңгейлі банктерде депозиттер бойынша мөлшерлеме «Отбасыға» қарағанда жоғары (ұлттық валютада жылдық 2%-ға қарсы шамамен 12–15%). Бірақ «Отбасының» ипотекалық несиенің төменгі мөлшерлемелері бар несие беру жүйесі бар және жылына бір рет 200 АЕК-тен (612 600 теңге) аспайтын 20 пайыздық мемлекеттік сыйлықақы алынады.
Көбісі жыл бойы екінші деңгейлі банктегі депозитке ақша жинап, одан кейін «Отбасыға» екі шотқа аударады.
Нәтижесінде екінші деңгейлі банктегі депозит бойынша ең жоғары сыйақы, сондай-ақ сыйақы мен мемлекет сыйлықақысы бірден «Отбасы банкіндегі» екі шотқа түседі.
Енді санап көрейік
Мысал ретінде айлық табысы 400 000 теңгені құрайтын жас отбасын алайық. Егер сіз ай сайын 20% (80 000 теңге) жинап отырсаңыз, онда бір жыл ішінде жинақтың таза сомасы 960 000 теңгені құрайды. Егер бұл ақша жоғарыда ұсынылған схема бойынша үнемделсе. ЕДБ депозиті бойынша дивидендтерді есепке алмасақ та, «Отбасы банкіне» 480 000 теңге салсақ (жинақ сомасын бірдей бөліс), содан кейін мемлекеттік сыйлықақымен және жылдық 2 пайызбен, сома 585 600 теңгеге немесе 1 171 200 теңгеге дейін артады. Осылайша, пайда 210 000-нан астам, ЕДБ үлесімен - шамамен 300 000.
Үш жылдың ішінде осындай жағдайда 4 миллион теңгеге жуық қаражат жинауға болады.
Жинақтау мерзімі табыс деңгейіне, баспана құнына және сатып алу әдісіне тікелей байланысты екені анық. Ең жылдам нұсқасы - бастапқы жарнаға ақша жинау және ипотекамен бюджеттік жылжымайтын мүлікті сатып алу.
Ипотека бағдарламаларын бақылаңыз
Көптеген ипотекалық бағдарламалар бар: банктерден, құрылыс салушылармен бірлесіп, мемлекеттік, «Отбассы банкінен» және т.б. Жаңалықтарды қадағалп, шарттарын зерттеңіз.
Мемлекеттік бағдарламалар: шарттары мен талаптары
Алдын ала есептеңіз. Көбінесе ипотекалық төлем жалдау ақысынан аз болады. Төлем ауыртпалық салмас үшін несиенің ең қолайлы мерзімін таңдаңыз.
Ипотека – 2022: мөлшерлемелері мен шарттары
Ақша қайда кетеді немесе үнемдеуге не кедергі
Несиелерді жауып, жаңасын алмаңыз
Қарыз ауыртпалығы қаржылық жағдайды айтарлықтай қиындатады.
Басқаларға төлеуді тоқтатыңыз
Үй жалдап ақша үнемдеу өте қиын. Мүмкін болса ата-анаңмен бірге тұр. Олай болмаса, арзанырақ баспана іздеңіз: шет ақтан, қала маңынан. Бір пәтерді екі, үш адамнан жалдаңыз. Егер отбасы кішкентай болса, бұл тамаша нұсқа.
Қаржы бақылауда болу керек
Табыс жинақтаудың негізгі құпиясы – шығынды жоспарлау және бақылау.
Карточкадағы аударымдар тарихын қараңыз. Қызбалықпен сатып алулар бюджеттің көп бөлігін жейтініне көз жеткізіңіз. Артық сауда мен қажет емес затты көптеп сатып алғаныңызды білесіз. Өзіңізді бақылаңыз және осындай «зиянды» артық шығын шығармаңыз.
Лайфхак: Интернет-банкингте әдетте шығынды талдау қызметі бар. Соны қолданыңыз, ол ақшаның қайда ұшып жатқанын анық көрсетеді. Бір жыл, бірнеше жыл статистикасын қараңыз, нәтижесіне таң қаласыз.
Тізім жасаңыз
Артық шығынды болдырмас үшін сатып алынатын затардың тізімін жасап, соған сәйкес сауда жасаңыз.
Ақшаны үнемдеуге көмектесетін барлық әдісті қолданыңыз - бонустық карталар, жеңілдіктер, бірлескен сатып алулар (достармен және көршілермен қосылып сатып алу).
Қажетсіз шығыннан бас тартыңыз. Егер бір нәрсесіз өмір сүре алмасаңыз, одан толық бас тартуға тырыспаңыз.
№ 4 оқиға: Саяжайға көшіп кеттік
Бір жылдай үнемдеуге тырыстық, оған қоса пәтер жалдадық. Бұл түрімізбен көп ақша жинай алмасымызды түсінгенде ата-анасымыздың қолына көштік. Біз олармен бір жылға жуық тұрдық, содан кейін жақсы мүмкіндік туып, досымыздың саяжайына көштік. Сөйтіп бастапқы жарнаға ақшаны екі жылда жинадық.
Ақша үнемдеудің ТОП үш түрі
Біз көптеген адамдардың тәжірибесін зерттеп, олардың нені үнемдей алғанын білдік. Үздік үш жауап:
— Фитнес, жаттығу залын көшеде және ауладағы спорт алаңдарына ауыстырдық.
— үйде өзіміз тағам дайындап, кафе, үйге жеткізіп беруден бас тарттық. Жұмыста кофе сатып алмай, кофені үйден әкелдік.
— Көлікті сатып, қоғамдық көлікке ауыстық. Көлік сатудан түскен ақшамен жинақты бірден толықтырдық.
Ата-анамен бірге тұру
Үй жалдап жүріп ақша үнемдеу өте қиын. Мүмкін болса, ата-анаңмен уақытша тұруға болады. Олай болмаса, арзанырақ үйді жалға іздеңіз. Бір пәтерді екі адамға жалға алу немесе қала шетінен жалдау тиімді.
Сөйтіп үнемдеу режиміне тез үйреніп аласыз. Мұны респонденттердің барлығы растады. Тек бірінші айда ғана қиын болады екен.
5. Тоқтамаңыз және тастамаңыз
Жинақтау кезінде тұрақтылық өте маңызды. Күтпеген жағдайлар туа қалса да, бұл процесті үзбеңіз.
Жиналған ақшаны ешқашан жұмсамаңыз - бұл сомаға қол сұқпаңыз. Кіріс төмендесе, азырақ болса да жинай беріңіз.
Ақша жинауды қалай тоқтатпау керек
Моральдық тұрғыдан күйзеліп кетпеу үшін және идеядан бас тартпау үшін әрқашан нәтижесін ұстаныңыз: түк жоқ болған, есесіне бүгінде 10% болсын жиналып тұр деп өзіңізді ынталандырыңыз. Бұл деген тамаша!
Бір жылда пәтерге ақша жинау мүмкін бе?
Біздің зерттеуіміздің нәтижесі мынадай:
— ипотека бойынша бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі — 2,5 жыл (ең аз — бір жыл, ең көбі — 4 жыл);
- ипотекасыз тұрғын үй сатып алу үшін жинақтаудың орташа мерзімі 6 жыл.
Ең бастысы – шыдамдылық және көздеген мақсатқа жүйелі түрде жетіп, өз үйіңізді сатып алу.
• Мүмкіндігінше көбірек ақша сақтаңыз, бірақ бар нәрседен бас тартып өзіңізді қинамаңыз.
• Нәтижесін қарап отырыңыз, ай сайын көздеген мақсатыңызға қалай жақындағаныңызды көріңіз.
• Нарықты қадағалаңыз. Сатып алуға тиімді үй кездесіп қалуы әбден мүмкін.
• шаршы метрі үлкен үй аламын деп жанталаспаңыз. Бастапқы нарықта 40 және 45 шаршы метрлік пәтерді таңдау мүмкіндігі болса, соны таңдаңыз. Ондай үйді ертерек сатып алуға болады және жөндеуге жұмсалатын шығын әлдеқайда аз шығады. Тар үйдегі айырмашылық өмір сүру сапасына әсер етпейді.
• Алғашқы үйді сатып алған кезде қымбат жөндеуге көп ақша жұмсамаңыз. Бұл уақытша баспана. Үнемдеп үйреніп қалдыңыз және өмір сүру жағдайыңызды жүйелі түрде ары қарай да жақсарта аласыз.
Krisha.kz аударылып алынды.