{metadescription}
Күзгі жабырқау туралы не білеміз?

Күзгі жабырқау туралы не білеміз?

Күзгі жабырқау деген не? Күз мезгілінде адамдар неге жабырқау күйге түседі? Оның белгілері қандай? Жабырқау көңіл күйден қалай құтылуға болады? Жабырқау көңіл күйге не түрткі болады, ол неден туады?

Жабырқау күйге неге күз мезгілінде түсеміз?

«Жабырқау күз» дегенді естідіңіз бе? Ендеше ғалымдар мұның расында да нақты себебі бар деген қорытындыға келді. Күндізгі күннің жарығының  уақыты азайып, ол адам ағзасында серотонин мен Д дәруменінің өндірілуін азайтады. Сөйтіп ағза мелатонинді көбірек шығара бастайды, нәтижесінде не нәрседен болсын тез шаршап, ашуланшақтық пайда болады.  

Неліктен күз таяғанда ұнжырғамыз түседі?

Жоғарыда айтқанымыздай, бұған басты себеп – көңіл күйді реттейтін биологиялық белсенді зат – серотониннің метаболизмінің бұзылуы. Кеш батқан кезде оның мидағы мөлшері азаяды – күзде күн сәулесі аз болғандықтан, серотонин үнемі жетіспейді.

Күзгі жабырқаудың нақты белгілері

  • Жалғыздықты қалайсыз. Ешкіммен араласқыңыз, сөйлескіңіз келмейді. Бар уақытты өзіңізбен-өзіңіз ғана оңашада отырып өткізгенді қалайсыз.
  • Белсенділік күрт төмендейді. Бір жерге бару сіз үшін азап.
  • Үнемі ұйқыңыз келіп, маужырап жүресіз.
  • Шамадан тыс ашуланшақ боласыз.
  • Не болса сол, ұсақ-түйек, болмашы нәрсе көңіліңізге келіп тұрады.
  • Өзіңізге деген теріс көзқарас, өзіңізге көңіліңіз толмайды.

Күзгі жабырқауды қалай ажыратуға болады?

Жабырқаңқы көңіл күйдің белгілері:

  • ұйқы нашарлайды;
  • көңіл күй мың құбылады;
  • үнемі шаршау;
  • енжарлық;
  • ұмытшақтық;
  • себепсіз қайғы;
  • мазасыздық;
  • ашуланшақтық.  

Күзгі жабырқауға түспеу үшін:

  • Күзде жеміс-жидек көп, соны көбірек жеу. Ұнатқан тағам көңіл күйіңізді жақсартуға көмектеседі.
  • Көбірек қимылдау.
  • Шығармашылықпен айналысу.
  • Күн тәртібін сақтау.
  • Көңілді адамдармен араласу.

Күзгі жабырқаудан құтылу үшін:

  • Дұрыс тамақтану. Далада кұн суытқан сайын адам қарапайым көмірсуға тәбеті ашылады.
  • Күндіз, күн жарықта таза ауада көбірек жүру.  
  • Белсенділік, ұзақ отыра бермеу керек. Спорттық жаттығу ұйқысыздықты қалпына келтіріп, көңіл күйді реттеп, күйзелістен арылтады.
  • Үйде перделерді ашып тастап, жарықты молынан түсіріңіз, өйткені күн сәулесі көңіл күйдің көтерілуіне септігін тизізеді. 

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде