{metadescription}
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ

«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ

«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болудан тайған емес.Бүгінде де бұқараның өзегін өртеген мәселе өзгермеген екен. Ендеше 2024 жылда жанайқайын ағынан жарылып айтып ақтарған, қаралымы көп ТОП-5 оқиғаны қарап көрсек.

1. Астарлы ақиқат: Доняны «дуалаған» ене


Желіде «Доня» есімімен таныс блогер Аружан Бауыржанқызы отбасының ойран болуына енесін кінәлайды. Айтуынша, енесі ішкілікке салынып келіні мен баласына балағат сөздер айтып, үйден қуған екен. Ене мен келіннің дауы «Астарлы ақиқаттың» назарында.


2. Астарлы ақиқат: Тоғыз жыл күткен той


«Астарлы ақиқатта» эксклюзив! Айқын Төлепберген тағы үйленбекші ме? Бұл жолы әншінің таңдауы кімге түсті? Өнер иесінің тойы қашан, қайда өтеді? Күйеуінің бұл жаңалығын Жұлдыз Өмірғали қалай қабылдады? Қос өнер иесінің ата-анасының пікірі қандай? Шоу-бизнестегі танымал әрі табысты жұптың бірі - Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын жасайды. 


3. Астарлы ақиқат: Қыз құлдық

Құлдықтан бостандыққа. Осыдан бірер ай бұрын өмірімнің күл-талқаны шықты деп алматылық Балнұр студиямызға келген еді. Ақиқат пен әділдікке қолы жетпеген жанның ащы мұңын тыңдадық. Шындықтың ашылуы үшін қолымыздан келгенді жасап бақтық. Балнұрды жеңіл жүріске итермеледі деп айыпталған жандардың да шындығын аштық.


4. Астарлы ақиқат. Гудбай, бай!


Алматы облысының тұрғыны Жаңагүл Керімбекова төрт баласын тастап Қызылорда облысына тұрмысқа шығып кеткен. Заңды некесі бола тұра, бөтеннің етегінен ұстаған ол ақ орамалын тағынып, беташар рәсімін толық орындайды. Алайда оның күйеуі мен төрт баласының барынан жаңа күйеу жігіт бейхабар болып шыққан.


5. Астарлы ақиқат: Әке іздеген егіз қыз


Әке, қайдасың! Он үш жыл бойы қарағандылық егіз қыз жеті атамызды білмейміз деп шағымданды. Бойжеткендер туғалы нағашы әжесінің қарамағанда өсіп келеді. Осы күнге дейін бір көруге келмеген асқар тауының тым болмаса кім екенін білгілері келеді. Біз егіздерінен бас тартып, жауапсыз кеткен азаматты іздеуге талпынамыз. Қыздардан алынған ДНК сараптамасының қорытындысы қандай болмақ?
 

 

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.