{metadescription}
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»

КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. Заң қауқарсыз болса, оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады, заң аясында да дау-дамайсыз шешуге болады, қараңыз», - дейді журналистер. Өзгелерге жалтақтамай, білегін сыбана кірісетін Жазира Бегалы мен Гүлмира Әбіқайдың еңбегін атамасқа болмайды. Ендеше 2024 жылы көрерменді бейжай қалдырмаған ТОП-5 шығарылымды ұсынсақ.

1. Дау-дамайсыз: Сабақсыз балалар

 

Цифрлық аутизм. Телефонның кесірінен сабақтан құлқы қашқан балалар. Алматылық бір үйдің қос баласы екі айдан бері сабаққа бармаған. Оған себеп — смартфон.
Күні-түні телефонға телмірген балалар сабақ оқу қажеттігін ұмытқан. Оларды білімге тартуға мектеп те, ата-анасы да дәрменсіз. Қайтеміз? Әлеуметтік өзекті оқиғаға журналист Гүлмира Әбіқай араласты.

 

 

2. Дау-дамайсыз: Үйі жоқтың күйі де жоқ

 

Жетісу облысында жатақхананы паналаған бірнеше отбасы далада қалуы мүмкін. Қазақ-қытай шекарасында орналасқан Жаркент қаласындағы білім саласы мамандарына арналған үйден дау шықты.Үш айда берілу керек жатақхана мәселесі бір жылға созылған. Айтыс-тартысқа айналған мәселенін шешімін Жазира Бегалы дау-дамайсыз шешті.
 

3. Дау-дамайсыз: Пана іздейміз... Ақырғы аманат

 

Басқа түссе баспақшыл. Денсаулығы дімкәс, жұмысқа жарамсыз ерлі-зайыпты әлі күнге мүгедектікке қол жеткізе алмай келеді. Оған қоса, тұрып жатқан баспанасын от жалмап, бір-ақ күнде үйсіз қалды. Мәселеге журналист Асқарбек Қазанғап дау-дамайсыз нүкте қойды. Арман болған азаматтық! Атамекенде он жыл жүріп, бір құжатқа қол жеткізе алмаған Ұлжанның аянышты тағдыры. Оқиғаға журналист Гүлмира Әбіқай араласты.



4. Дау-дамайсыз: Мигранттың махаббаты мен машақаты

 

Құжатсыз және  қауқарсыз Нәбира Сапарниязова  КТК-ның «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды. Набираның айтуынша, күйеуі мүмкіндігі шектелген науқасты үйден қуып, далаға лақтырып тастаймын деп шу шығарған.
Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып отау құрған Нәбира  он жылдан астам өзінен тоғыз жас кіші ерімен некесін заңдастырмаған Нәбираның он жастағы ұлының да туу туралы куәлігі  жоқ. Бағдарлама авторы Өзбекстанның Алматыдағы консулдығына хабарласып,кейіпкердің  Отанына оралу туралы куәлігін алуға Талғар аудандық көші-қон полициясы басқармасы мен аудандық сот мамандары жұмылып, құжатсыз ананың шекарадан өтуіне көмектесті. 

5. Дау-дамайсыз: Анашым, оралшы!
Төрт баланы бір-ақ күнде тастап кеткен көкек-ана. Көзіне мұң толған бүлдіршіндер. Былай қарасаң, әкелері жанында, ата-әжесі қамқорлығын аямайды. Алайда балалардың анасын көрмегеніне төртінші жылға жуықтады. Олар осы уақыт аралығында анасының оралғаның армандап келді.


 

 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.