{metadescription}
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР

2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР

2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың онлайн-соты. Көктемгі тасқын су. Ұлттық қордан балалардың жекешотына жыл сайын қаражат аудару. АЭС құрылысы бойынша бүкілхалықтық референдум. Embraer 190 ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауы. Жалпы 2024 жыл Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жылы ретінде есте қалды.

Адамның көбі ойлана бермейтін ақиқат. Тіршілік күйбеңінде жүріп ненің не екеніне мән беруден қаламыз. Бір сәт тоқтап, айналамызға зер қойсақ... Өткенге көз салып, сабақ алсақ ...

2024 жылы елімізде болған басты оқиғалар: 

«150 метр тереңге құлаған». «Майқайың-алтын» кенішіне автобус құлап, екі адам қаза тапты.

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кәсіпорнына қарасты кенішке құлаған автобустағы төрт адамның екеуі қаза тапқан. Марқұмдардың денесі сыртқа шығарылды. Тереңдігі 150 метр, топырағы опырылып жатқан шұңқырда құтқару жұмысын жүргізіп жатқан мамандардың өміріне де қауіп төніп тұр.

Алматыда жер сілкінді. Үйінің үшінші қабатынан секірген тұрғын жансақтау бөліміне түсті. Алматыда түнде болған жер сілкінісінен жалпы 67 адам зардап шекті.

Электронды темекіні әкелуге, сатуға, таратуға, өндіруге тыйым салатын заң мақұлданды. Вейп сатқандар енді 5 жылға дейін жаза арқалайды. Мәжіліс ел аумағына электронды темекіні әкелуге, сатуға, таратуға және өндіруге тыйым салатын заңды мақұлдады.

Балаларға арналған ұлттық қор бағдарламасы аясында 7 миллион қазақстандықтың, яғни 18 жасқа дейінгілердің есепшотына алғашқы жинақ түсті — 100 доллар және 52 цент. 

Алматыда лай көшкінінен төрт адам қаза тауып, екі үйге зақым келді. Лай көшкіні тұрғын үйді аударып, баспана ішінде болған төрт адам түгел қаза тапты. Ерлі-зайыптылар мен оның 2007 жылы туған егіз ұлдарының денесін төтеншеліктер түс ауа қирандының астынан алып шықты. Таудан сырғыған 3200 текше метр сазды топырақтан екі үйге зақым келген. 

29 ақпанда Қазақстан елі бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Түнгі 12-де Қазақстанның көп бөлігі бір сағатқа кері, яғни Қызылорда мен батыстағы төрт облыстың уақытына ауысады. 

Алматыда тағы жер сілкінді. Бүлінген ғимараттар, жараланған адам болды. Сағат 11-ден аса тіркелген зілзала 5,4 балл болған. Ошағы Алматыдан небәрі 31 шақырым жер. Ғимараттарға зақым келгенімен, қираған ештеңе жоқ. Балабақша, мектеп пен колледждер түстен кейін жабылды. Метроның жұмысын да біраз уақытқа тоқтатуға тура келді. 

Наурызда Қазақстанның аймақтарында қардың кенет еруі мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан ауқымды су тасқыны болды. Құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер су тасқынына төтеп беріп, зардаптарын жою үшін тәулік бойы жұмыс істеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді әрекетсіздігі үшін сөгіп, зардап шеккендерге келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді.

Азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз кредит берілмейтін болды. 700 мыңнан басталатын несиелер жайында. Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелді азайту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астанада сот отырысы басталды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некеде болған Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтіріп, азаптады деп айыпталды.13 мамырда алқабилер алқасы Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.

АЭС құрылысы бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу;

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдау;

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа заңнама енгізу;

Онлайн-петициялар институтын іске қосу.

Париж олимпиадасындағы Елдос Сметовтың жеңісі.  Франция астанасында кезекті Олимпиада ойындарына 80-ге жуық қазақстандық спортшы қатысты. Спортшылардың ішінде жалғыз алтын медальды дзюдошы Елдос Сметов алды.

Алматы облысы Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болатты ата-анасының көзінше өлтіріп кетеді. Бұл іс қоғамда үлкен резонансқа айналып, Талғарда "Хуторлықтар" деп аталатын қылмыстық топ бар екені айтыла бастады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады, халық Шерзат ісінің әділ жүргенін талап ете бастады. Талғар қаласының әкімі, әкім орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Баку қаласынан Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 67 адам болған, оның 5 экипаж мүшесі және 62 жолаушы. Олардың арасында Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары бар. Бүгінгі таңда апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам тірі қалғаны белгілі. Зардап шеккендер Ақтаудағы ауруханаларға жеткізілді, олардың ішінде 6 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.  Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың мәліметінше, ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза т апқан. Апаттың нақты себептері әлі анықталуда. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, үкіметтік комиссия құрылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

 Экономикалық саладағы негізгі жетістіктер ретінде:

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кешенді бағдарламаның қабылдануы;

Мемлекеттік сатып алу ережелерінің жаңартылуы;

Жаңа Бюджет кодексінің қабылдануы және салық жүйесін реформалау жұмыстарының басталуы.

Сыртқы саясат саласында Қазақстан үшін маңызды үш оқиға аталды:

ШОС, ОТГ, ОДКБ секілді халықаралық ұйымдардағы төрағалықты сәтті аяқтау;

Қазақстанның халықаралық аренада «орта деңгейлі держава» ретінде мойындалуы;

Президенттің Катар, Франция, Қытай және Ресей сияқты елдерге маңызды сапарлары.

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.