Менің сүйікті донорым
Руслан әкесі қайтыс болғаннан кейін оның жалғыз ізбасары ретінде құрылыс компаниясының мұрагері болады. Оның әпкесі Әнелдің өкпесіне жедел трансплантация жасау керек. Ұзақ уақыт шарқ ұрып донор іздеп, ақыры Сәния есімді келіншек табылады. Заң бойынша донор отбасы мүшесі болуы керек, ал әпкесінің өмірін аман алып қалу үшін Руслан Сәнияға үйленуге мәжбүр болады. Сәния Русланға ерекше шарт қояды: егер де Сәния қайтыс болған жағдайда Руслан оның жеті жасар ұлына өмір бойы қамқор болуға міндетті. Алайда Санияның тірі жанға тіс жармаған құпиясы бар – ол жазылмас дертке шалдыққан. Сөйтіп Руслан Сәнияның шартына келіседі. Ал жаңа отбасы Сәнияға жылы қабақ танытпайды, өйткені бәрі оны пайдакүнем деп санайды. Дегенмен Руслан уақыт өте келе оның жақсы қасиеттеріне көзі жетіп, қалай ғашық болғанын байқамай қалады. Ол Сәнияның бойынан анаға тән жылулық, мейірім қасиеттері мен қамқор, жанашыр жанды көреді. Солайша Руслан ығырыққа тіреледі.Бір жағынан әпкесін құтқарғысы келсе, екінші жағынан сүйген әйелінің ауыр дерттен өлуіне жол бере алмайды.