{metadescription}
03.11.2008
Елімізде жанар-жағармай бағасы төмендейді.
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Сенат депутаттарына берген есебінде жанар-жағармай бағасының түсетіні туралы жағымды жаңалық айтты.
Ингушетияға қашып кеткен Олег Евлоевті елге қайтару жұмысы еш кедергісіз жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысының Жуалы ауданында орта мектеп ұстазы шәкірттеріне әлімжеттік көрсеткені анықталды.
Шымкенттегі мектеп басшылары мемлекет қаржысын жымқырудың жаңа әдісін тауыпты.
Астанада мыңға жуық құрылысшы митингіге шықты.
Тарихи отанына келіп жатқан қандастарымыздың атауы өзгеруі мүмкін.
Павлодардың теміржол және авто бекеттерінде жарылғыш заттың орнатылғандығы жөнінде қоңырау түскен.
Бүгін Есік және Қаратал өзендерінің бойында кішігірім су электр стансалары іске қосылды.
АҚШ президенттігіне үміткер Джон Маккейн қарсыласы Барак Обаманы қуып жетіп қалды.
Отандық киноөндірісті көтеру үшін бір топ режиссерлер бас қосты.
Алматыда екінші республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды.
Бокстан Мексикада өткен әлем чемпионатында қазақстандық Данияр Елеусінов пен Иван Дычко қос күміс медаль ұтты.
Семейде грек рим күресінен Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановты еске түсіруге арналған ел кубогы жолындағы жарыс аяқталды
Футболдан Испания премьер лигасында 9 турдың нәтижелері белгілі болды.
Формула “Маклареннің ” сапында өнер көрсететін британдық автошабандоз Льюис Хэмилтон - әлем чемпионы деген құрметті атақты жеңіп алды.
Келесі жаңалықтар