Алматылықтар көпқабатты үйдегі пәтерінде шағын зообақ ашуды сәнге айналдырған.
Соңғы кездері кейбір жерлестеріміз әдеттегідей мысық пен күшік асыраудың орнына – экзотикалы жануарлар асырауға әуес.
Автор: Жазира Бегалы
05.11.2008
Көпқабатты үйлердің бірінде - малазиялық тиін, Аргентинадан әкелінген аққу, Голландия елінің қойы мекендейді. Ауладағы жан-жануардың ерекшелігі – олар тым ұсақ.
ШОЛПАН СЕЙДЕК, қала тұрғыны:
-Біз үшін өте қызық. Біздің балалар қалада өскен соң, жануарларды сирек көреді. Бізге де ұнайды.
Олардың бағасы кәдімгі үй жануарларының құнынан 10-20 есе қымбат. Мысалы, күзен –300 АҚШ доллары тұрады, ал кішкентай шошқаның бағасы- 2 мың еуро, бойы жарты метрден аспайтын жылқының құны -15 мың еуро. Сатушылардың айтуынша, соңғы кездері кішкентай маймыл, қой мен шошқаға сұраныс артқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!