{metadescription}
Қазақстандағы авторлық қоғамның жұмысы бір жүйеге түсе алмай келеді.
Қазақстандағы авторлық қоғамның жұмысы бір жүйеге түсе алмай келеді.

Қазақстандағы авторлық қоғамның жұмысы бір жүйеге түсе алмай келеді.

Еліміздің кәсіпкерлері авторлық қоғамның жұмысына жиі алаңдай бастады. Сыйақы алып отырған авторларымыз да, бұл ұжымның жұмысын толық қолдап отырған жоқ. Өз кезегінде Қазақстан авторлық қоғамы жұмыстарының нақты бір жүйеге түсіп, көптің көңілінен шығу үшін уақыт қажет дейді.

Даудың басы Майкл Джексонға жазылған хаттан басталды. Қарағандылық кәсіпкерлер өздерінің мейрамхана, дәмханаларда шетелдік әншілердің шығармаларын қойғаны үшін өтемақы төлейтіндіктерін айтқан. Сол қаржы шетелдік әншілерге жетіп жатыр ма, әлде жол-жөнекей қалып қоюда ма? - деп алаңдаушылық білдірген еді. Осыдан кейін мәселенің мән-жайын тереңірек ұғынуға тырыстық .

Авторлық құқыққа қатысты жиналатын ақшаға Әділет министрлігінің қатысы жоқ. Ол тек заңның орындалу барысына бақылау жасайды. Ал авторлардың шығармаларын пайдаланғандардан өтемақы алып, оны жеткізіп беру – арнайы құрылған Қазақстан авторлық қоғамының міндеті.

Бауыржан Айдарбеков, Қазақстан авторлық қоғамы төрағасының орынбасары:

-Жинаған қаламақыдан өзіміздің комиссиалығымызды алып қаламыз. Ол -20 пайыз. Одан кейін мемлекетке тиесілі салық бар. Оны мемлекетке аударамыз. Ал қалған сомасын туындыгердің өзіне береміз. Жиналған қомақты сыйақыны туындыгердің өзі алады.

Арнайы қоғам шетелдік авторлардың сыйақысын жылына бір рет, ал отандық авторларға ай сайын аударып тұрады екен. Өткен жылы шетелге 12 млн теңге аударылса, биыл оның көлемі 80 млн теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде әнші Майкл Джексонның да өз үлесі бар.

“Бәйтерек” секілді танымал топтарға ән жазған Қайрат Баекенов сыйақыға берілетін ақшаны «ай сайын болмаса да, анда-санда алып тұрамыз», - дейді. Алпыстан астам шығармаға ән жазған сазгердің есебінше, сол берілетін сыйақының өзін тиісті мөлшерде ала алмайтын көрінеді.

Қайрат Баекенов, сазгер:

-Аламыз. Бірақ, ойлағандай емес. Мысалы, Америкада ол жақсы дамыған. Бүгін концерт берсе - кешке түседі. Оған дейін жетуге әлі көп уақыт қажет.

Ақын Серік Тұрғынбекұлы ел ішіне кеңінен тараған “Түркістан”, “Сұлуым-ай” және “Жан гүлім” әндерінің сөзін жазған. «Аз да болса, сыйақы алып тұрамын, бірақ туындыгерлердің құқығын қорғау мәселесі елімізде кенжелеп тұр», - дейді ақын.

Серік Тұрғынбекұлы, ақын:

-Әлде де еленбей, байқалмай жатқан, әсіресе жаңа әндер, жас композиторлардың шығармалары сияқты біраз дүниелер бар. Соларды реттеуге жүйе керек.

Қазақстандағы авторлық қоғам 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал мұндай ұйымдардың кейбір елдерде 250 жылдық тарихы бар. Еліміздегі авторлық құқықтың тиісті деңгейде қорғалуына әлі де уақыт керек.

Қанат Жүнісов, ақын, Қазақстан авторлық қоғамының Астана қалалық бөлімінің төрағасы:

-Авторлық қоғамның дамуына тек ұйымның жұмысы емес, жалпы халықтың саны әсер етеді. Мысалы бізде 15 миллион халық. Басқа елде - 150 миллион. Қазір 30 мың алған автор - 150 млн халқы бар жерде. 10 есе етіп, 300 мың алар еді.

«Өтемақының тиісті деңгейде жиналмай, авторларға сыйақының аз берілуіне әлемді шарпыған қаржылық дағдарыстың да әсері бар», - дейді авторлық қоғамның өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде