Қарағандыдағы жанар-жағармай станциясына қарулы шабуыл жасалды.
Бүгін танертең Қарағандыдағы жанар-жағармай станцияларының біріне қарулы шабуыл жасалды. Белгісіз қылмыскерлер станция операторын өлтіріп, кассадағы 100 мың теңгені алып кеткен.
Автор: Жұлдыз Ахметова
05.11.2008
Жанар-жағармай станциясы ғимаратының терезесін сындырып кірген қарақшыларға 55 жасар оператор әйел ешқандай қарсылық көрсете алмаған. Себебі, аталмыш станцияда қауіпсіздік ережелері мүлде сақталмаған. Шолақ мылтықпен қаруланған қылмыскерлер кассадан ақша және ұялы телефонды алып, іздерін суытқан. Қазір құзырлы орындар қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген қылмыскерлерге іздеу салды. Олар тергеу құпиясын ашпау үшін төтенше жайтқа қатысты қандай да бір ақпарат беруден әзірге бас тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!