{metadescription}
Бүгiн демократияның отаны атанған АҚШ өз тарихындағы қырық төртiншi президентiн сайлады.
Бүгiн демократияның отаны атанған АҚШ өз тарихындағы қырық төртiншi президентiн сайлады.

Бүгiн демократияның отаны атанған АҚШ өз тарихындағы қырық төртiншi президентiн сайлады.

Қызу додаға түскен демократ Барак Обама мен республикашыл Джон Маккейн арасындағы тартыста Барак Хусейін Обама жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарының тарихында алғаш рет қара нәсілді президент сайланды.

Жалпы тұрғындардың дауыс беруінен бөлек әр штаттан қатысқан арнайы сайлаушылардың 336-сы демократ Барак Обаманы жақтаса, Джон Маккейнге 156-сы дауыс берген.

Биылғы АҚШ-тағы кезекті президент сайлауы бірнеше ерекшелігімен тарихта қалатын болды. Жалпы үгіт-насихат жұмыстарына 5,3 млрд. доллар жұмсалды. Ал тұрғындардың сайлауға қатысу белсенділігі өте жоғары көрсеткішке жеткен. Сондай-ақ, американдықтар алғаш рет қара нәсілді кандидатқа таңдау жасады. Ал республикалық партия өкілі Джон Маккейн биылғы сайлауда да жеңілгенін ресми мойындап, қарсыласы Обаманы құттықтады. Барак Обама өз жанұясымен бірге және елдің жаңа вице-президенті Джозеф Байден бүгін Чикаго тұрғындарының алдына шықты. Сайлаушылардың алдында сөз сөйлеген Барак Обама: «Мен үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, елге жаңа өзгерістер әкелемін», деп уәде етті. Ол сондай-ақ, биылғы сайлау АҚШ-тың бірлігін көрсеткенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде