{metadescription}
Жаңа жылдан бастап көрермендеріміз “Құшағыңды аш, бақытқа бөлеймін” сериалын тамашалай алады.
Жаңа жылдан бастап көрермендеріміз “Құшағыңды аш, бақытқа бөлеймін” сериалын тамашалай алады.

Жаңа жылдан бастап көрермендеріміз “Құшағыңды аш, бақытқа бөлеймін” сериалын тамашалай алады.

Бұл КТК телеарнасының қатысуымен түсірілген төртінші көркем фильм. Ондағы рөлдерді кәсіби актерлермен қатар, қарапайым қала тұрғындары сомдайды. Сериалдың соңғы түсірілімінде болып қайтқан тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы толықтырады.

Сериалдың соңғы көрінісін сомдаған актерлер қуанып та, қобалжып та тұр. Олардың басын қосқан “Құшағыңды аш, бақытқа бөлеймін” туындысын түсіруге 2 айдан астам уақыт кетті. Осы уақыт аралығында бір сағаттық 48 дана кассета жұмсалған екен.

Елена Земель, екінші режиссер:

-Бір қызығы, сериал барысында ауа-райы бізге қырсық мінез көрсетпеді. Біз жоспарлағандай, ауылдағы 2 апта түсірілімде күн шығып тұрды. Жаңбыр керек болғанда, аспаннан нұр жауды. Ауылда бізге үлкен шұңқыр қажет болды. «Қалай қазсақ екен?» - деп қапаландық. Ауылға жетсек, су тартып жатқандықтан шұңқыр қазып қойыпты. Біздің сериалда бақыттың элементтері бар деп ойлаймын.

Оқиға желісін Бақыт есімді ауылдың қарадомалағы өрбітеді. Ол қалаға келіп, жора-жолдастарын әдемі әзілмен ауылға қайтуға үгіттейді. Жаңа фильмде қарапайым қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі, махаббат машақаты астасып жатыр. Фильмде әрбір адамға бақыт сыйлауға құштар көңілді тапқырлар тобының ойыншысы ауылдағы түсірілімдерді сағына еске алады.

Нұртас Адамбаев, бас кейіпкер:

-Бәлендей ауыр болған жоқ. Өйткені КВН деген ойынға қактысып жүргеніме 8 жыл болып қалды. Ұзынағаштағы түсірілімдер маған қатты ұнады. Ол - қала емес, ауыл ғой. Сол жерде мен небір дүниелерді еске алумен болдым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде