Саратов қаласында оба ауруының белгілерімен бір адам ауруханаға түсті.
Ресейдің Саратов қаласында оба ауруының белгілерімен бір адам ауруханаға түсті. Жолаушылар пойызынан түсірілген науқастың Германия азаматы екендігі анықталды.
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
10.11.2008
Поезд бастапқыда Мәскеуден жол тартып, Алматыда оған шетелдік туристер мінген. Кейін ол Самарқанд, Бұхара, Ташкент және Орта Азияның басқа да қалалары арқылы өткен. Ресей дәрігерлері науқастың ауыр дертті жолда да жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені оба тез таралатын жұқпалы аурулардың қатарына жатады. Бүгінде науқаспен бір вагонда келген жолаушылардың барлығы арнайы тексеруден өтіп жатыр. Оның қорытындысы келесі аптада белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!