{metadescription}

Алматыдан Ақтөбеге билетсіз барудың құны – 5 мың теңге.

Алматыдан Ақтөбеге бару үшін пойыз жолсерігімен оңаша келісу керек. Бүгін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мұндай фактілерді жариялауға асығатын емес. Жемқорларға қарсы күрес науқанын да, заңды да менсінбейтін жолсеріктер туралы - Алматы-Ақтөбе пойызында жолаушы болған тілшіміз Айбар Олжаев хабарлайды.

Мараттың кәсібі жолға қойылған. Оныншы вагонның жолсерігі билетсіз жүргендерден Ақтөбеге дейін 5 мың теңге сұрайды. Тұрақты жолаушылары да көбейген. Ақтөбеге дейін ресми түрде билет алсаңыз, купелік орынға – 6500 теңге, плацкарт орынға - 4000 теңге төлеу керек. Кассаға барып, билет сатып алуға көбісі ерінеді. Әрі кассадан билет табу қиын.

Марат, жолсерік:

- 5 мың теңге бересің. Проблема жоқ.

Бірақ Марат отырғызатын жолаушылардың күндіз орын таппай қиналатыны бар. Билетпен жүргендер ренжімесе, иық тіресіп отырар еді. Ренжитіндер көп.

Жолаушы:

-Жолсерік, мынау кімдер? Бізге жағаласып отырған?

Ондайда Марат ешкіммен сөзге келмей-ақ, жолаушыларына басқа орын іздейді. Кәсібі болған соң, «қызмет көрсету сапасын жақсарту керек» екенін жолсерік жақсы түсінеді.

12 вагонға жауап беретін Мүслімнің бағасы- Мараттың бағасымен бірдей. 5 мыңнан төмен түсірмейді. Түскі астан кейін көңілденіп қалған жолсерік «қазір сұраныс жақсы» деп шорт кесті. Бейресми статистика бойынша, жолсеріктер Алматыдан Ақтөбеге дейін 5 мың, Атырауға дейін 6 мың, Шымкентке 3 мың, Қарағандыға 4 мың, Шуға дейін 500-700 теңге сұрайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Елбасы жемқорларға қарсы күрес науқанын ашық деп жариялаған еді. Алайда пара алмайтындардың қатары сиреген жоқ. 2 мың теңге көрсе, заңды да, стратегиялық нысанды да ұмытып кететіндер - ұлттық қауіпсіздік туралы ойлана ма ?, - деген мәселенің басы ашық күйінде қалып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде