{metadescription}
Семейде протез зауытының басшысы  5 жылға сотталды.
Семейде протез зауытының басшысы  5 жылға сотталды.

Семейде протез зауытының басшысы 5 жылға сотталды.

Семейде протез зауытының басшысы жалған құжаттар жасатып, бюджеттің ақшасын жымқырған.

Аталған істің тергеу жұмыстары екі жылға созылып, жақында аяқталды. Протез зауыты директорының кінәсі толықтай дәлелденіп шықты. Басшы кезінде Үкімет бөлген үш жарым миллион теңгені өз қалтасына салған. Мемлекеттік сатып алу жөнінде жалған құжаттар жасатып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат беріп келген. Жасанды құжат бойынша тіркеуде тұрған мүгедектерге «протездер партиясы әзірленді» - деп көрсетілген. Шын мәнінде тізімдегі мүгедектердің басым бөлігі - өмірде жоқ адамдар болып шықты. Сот зауыт басшысын бес жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу жөнінде үкім шығарды.

Бейбіт Сиқымбаев, Шығыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлім бастығы:

-Павлодар облысында жүргізілген тексерулер нәтижесінде, протездер алды деп көрсетілген мүгедектердің ішінде өмірден өтіп кеткен жандардың бар екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде