Қырғызстан тұрғындары жыл сайын тойлар мен жерлеу рәсімдеріне 1 миллиард долларға жуық ақша жұмсайды.
Қырғыздардың тойлар мен жерлеуге жыл сайын жұмсайтын 1 миллиард АҚШ доллары Республиканың сыртқы қарызының тең жартысын құрайды.
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
18.11.2008
Жогорку Кенеш депутаттары осы шараларға жұмсалатын ақшаның мөлшерін азайту мақсатында халыққа үндеу жолдамақ.
Бұл жолы әлемдегі қаржы дағдарысын тілге тиек еткен халық қалаулылары: «Мерекелерді тойлаудың салдарынан халықтың әл-ауқаты бұрынғыдан да төмендеп кетті», - дейді. Ал экономистер: «Республиканың сыртқы қарызын қайтаруға дәулетті адамдар көмектессе екен» деген ойларын жасырған жоқ.
ОРУЗБЕК НАЗАРОВ, Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенеш депутаты:
-Ресми емес көрсеткіштер бойынша, біздің мемлекет тойлар мен жерлеу рәсімдеріне екі миллиард сомнан артық ақша жұмсайды. Бұл өте үлкен қаражат. Тағы бір айта кетер жәйт, осы ақшаның бәрі ел ішінде айналымда жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!