{metadescription}
Бүгін Алматыда өнер қайраткерлерінің алғашқы форумы өтті.
Бүгін Алматыда өнер қайраткерлерінің алғашқы форумы өтті.

Бүгін Алматыда өнер қайраткерлерінің алғашқы форумы өтті.

Әдебиетшілер мен суретшілер, мүсіншілер мен киногерлердің көксеген мақсаты бір. Ол - өзара ынтымақтастық құру.

Форумның ашылуында мәдениеттанушы Мұрат Әуезов: “Қалам, қағаз, кинопленка жетіспеушілігі сияқты мәселелерді ысырып қойып, өнер қайраткерлерінің бірлесе жұмыс істеуінің уақыты келді” - деп бастады. Мәдениеттің алуан түрлі саласында жүрген азаматтардың басын біріктірген тұңғыш форумның мақсаты да осы. Яғни заман ағымынан қалмай, бірлесе отырып қоғамға тың идеялар ұсыну.

МҰРАТ ӘУЕЗОВ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:

-70-80 жылдары қазақтың рухын көтерген бастама – ол қазақтың тарихын тереңінен білу. Яғни отаршылдыққа қарсы күрес. Ол кезде заманның мақсаты сол болды. Сол сияқты әр заманның талаптары әр қалай!

Жыл сайын елімізде халықаралық деңгейдегі кинофестивальдар ұйымдастырылғанымен, белгілі режиссер Талғат Теменовтің ойынша, кинематография саласы әлі де кенжелеп тұр.

ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ, КИНОРЕЖИССЕР:

-Кино – қанатты өнер, кино - ауқымды өнер. Бізге кинофестивальден гөрі, өндіріс саласына баса назар бөлген дұрыс. Осында көтерілетін басты мәселелердің бірі осы деп ойлаймын.

“Өз тілін түсінбеген - өнер тілін де түсінбейді” деген хореографтар одағының төрағасы Дүйсенбек Нақыповтың бұл сөзі ресми тілде өткен жиында мәдениет қайраткерлері тарапынан аса қолдау таппады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.