Колумбияда “Пирамида” әдісімен баюды көздеген бірнеше мыңдаған тұрғын 850 млн. долларға жуық қаржысынан айырылып қалды.
Жергілікті 30 компания тұрғындарға сыйақы мөлшері 300 пайызбен қайтарылатын депозитке ақша салуға шақырған. Тез алданған бірнеше мыңдаған тұрғындар, 1 млрд. долларға жуық ақшаны пирамидалық депозитке салыпты. Ал, ақшаны қолына түсірген алаяқтар, елден қашып кеткен. Осыдан кейін Колумбияның бірнеше қаласында жаппай наразылық шарасы басталды. Бүгінде келеңсіздік орын алған Каука, Нариньо және Пасто қаласында комендант сағаты енгізілді. Ал, Қаржы министрлігі осындай 1300 компанияның үстінен қылмыстық іс қозғау туралы Бас прокуратураға шағым түсірді.
Автор: Дастан Шымырбай
18.11.2008
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!