{metadescription}
Қазақстанда ғалым атану енді оңайға соқпайды.
Қазақстанда ғалым атану енді оңайға соқпайды.

Қазақстанда ғалым атану енді оңайға соқпайды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері дайын диссертацияларды көшіріп алып, докторлық және кандидаттық қорғаған ғалымдар саны елімізде тым көп. Енді Білім министрлігі жанынан көшірме диссертацияларды анықтайтын “Антиплагиат” деген атпен арнайы жүйе іске қосылды.

Осы жүйе арқылы жазылған диссертациялық жұмыстарды компьютердің арнайы бағдарламасына салып, қас-қағым сәтте оның түпнұсқа немесе көшірме екенін анықтап білуге болады. Егер көшірме екендігі анықталса, ол жұмыс кері қайтарылып, құжатты қабылдаған ғылыми кеңестің жұмысы тоқтатылады. Өткен жылы 2700-ге жуық қорғалған ғылыми жұмыстың 199-ы жарамсыз болып танылған. Яғни бұл барлық жұмыстың 7 пайызын құрайды. Биыл соңғы сегіз ай ішінде қабылданған ғылыми жұмыстың көлемі 1420-ға жетіп, оның 170-і кері қайтарылып, жарамсыз ғылыми еңбектің көлемі 12 пайызға жеткен. Соңғы уақытта ешқандай ғылым саласында жұмыс істемей-ақ, ғылыми ізденуші болып, кандидаттық немесе докторлық қорғау үрдіске айналып кетті. «Енді оған қойылатын талап күшейіп, бұның барлығына тосқауыл қойып, саннан сапаға көшетін уақыт жетті», - дейді Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі:

-«Антиплагиат» жүйесі тек қана диссертациялық жұмыстарды емес, басқа да ғылыми жұмыстарға монографияларды, оқулықтар мен оқу-құралдарын да тексереді. Яғни бұның барлығы да осы компьютерлік бағдарлама бойынша жүйеге кірген уақытта қайдан көшірілгені туралы мәлімет шығып отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде