{metadescription}
Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларының табысы 3-4 есе кеміген.
Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларының табысы 3-4 есе кеміген.

Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларының табысы 3-4 есе кеміген.

Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларына жалақысының 10 пайызын құятын отандастарымыз бейнетінің зейнетін көруі құр қиялға айналатын түрі бар. Өйткені зейнетке шығатындардың ақшасы табыс әкеліп жатқан жоқ. Кейбір қорлардың табысы 3-4 есе кеміген.

Болашақ зейнеткерлер соңғы үш айда инвестициялық кірістен түсетін 48 млрд теңгеден қағылыпты. Бұған мемлекеттік құнды қағаздардың арзандап кетуі себеп. Яғни отандық жинақтаушы қорларында құнды қағаздардың үлесі 25 пайызды құрайды. Сонымен бірге доллардың құнсыздануы, құрылыс және банк салаларындағы тоқырау да жинақтаушы зейнетақы қорларының кірісін тұралатқан. Кейбір зейнетақы қорлары дағдарыстан шығу үшін бірігуі де мүмкін деген болжам бар.

АЛИНА АЛДАМБЕРГЕН, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары:

-Егер акционерлердің құятын қаржысы жеткіліксіз болса,олар басқа мүмкіндіктерді қарастырады. Кірісі мол қорлардың табысы аздау қорларға қосылуы және жинақтаушы зейнетақы қорларын басқа қорға өткізеді.

Қаржы нарығы және қаржы ұйымдары қызметін реттеу және бақылау жөніндегі агенттіктің мәліметіне сенсек, қазіргі жылдық инфляция деңгейі 19 пайызға жеткен, ал қорлардың табысы 3 пайыздан аспайды. Сондықтан жақын арада зейнет жасына шығатындар салымшы қорлар уәде еткен пайданың қызығын көруі екіталай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.