{metadescription}
Бүгін Үкімет «Үлестік құрылыс» жөніндегі жаңа заңның жобасын әзірледі.
Бүгін Үкімет «Үлестік құрылыс» жөніндегі жаңа заңның жобасын әзірледі.

Бүгін Үкімет «Үлестік құрылыс» жөніндегі жаңа заңның жобасын әзірледі.

Құрылысқа ақшасын салған үлескерлер бұдан былай алаяқтарға жем болмайды. Олардың құқықтарының қорғалатындығына – жаңа заң кепіл. Бүгін Үкімет отырысында «Үлестік құрылыс» жөніндегі жаңа заңның жобасы ұсынылды. Араға бір жыл салып қайта түзету енгізілетін құжаттың өзгешелігін біздің тілшіміз Дина Төлепбергенова біліп қайтты.

«Премьер-министрді жазалау керек» деген үлескерлердің сотқа берген арызынан кейін, Үкіметке жан бітті. Министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында құрылыс тақырыбы талқыланды. Олар бұл саланы үлкен реформалардың күтіп тұрғанын алға тартып, ең алдымен, жаңа заң қабылдауды ұйғарды. Жоба авторының айтуынша, ол үлескерді алаяқтардан қорғайды.

Владимир Школьник, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі:

-Жаңа заң үлескерлердің зардап шегуіне тосқауыл болмақ. Бұдан былай үлескерлердің ақшасы жеке шотта сақталады. Үлескер өз пәтерінің кілтін қолына алған уақытқа дейін, оған ешкім тиіспейді.

Жаңа заң жобасы бойынша, үлестік құрылыс жөніндегі келісім енді төрт жақты негізде жасалады. Яғни құрылыстың уақтылы аяқталуына тек құрылыс компаниясы ғана емес, банк пен инвестор да жауапты болады. Әрине, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейіп отыр. Олардың үш жылғы тәжірибесі - тұрғындарға беріліп қойған 100 пәтері және қомақты капиталы. Бұдан былай банк салымшының ақшасын компанияға үй салынып біткенде ғана беретін болады. Әрине, құрылысшылар аталған өзгерістерге алаңмен қарап отыр. Олардың пайымдауынша, аталған өзгерістер құрылыс нарығын монополиялауға арналған.

Айдын Рахымбаев, Қазақстан Республикасы Құрылысшылар одағының төрағасы:

-Заңның талаптары өте қиын. Сондықтан тек қана 30 пайыз қалуы мүмкін. Ал монополия келгенде, бағалар өсіп кетеді.

Үкімет болса, «жаңа талаптар аспаннан түскен жоқ» дейді. Бұл Канаданың тәжірибесі екен. Ресми есепке сүйенсек, бүгінде ақшасын беріп, пәтерсіз қалған жандардың саны елімізде 43 мыңнан асады.

Құрылыс саласындағы ахуалдың түзелмеуінің ендігі сыры - ипотекалық несиеге байланысты болып тұр. Осы уақытқа дейін үкімет мұны «мемлекеттің шаруасы емес» деп келіп еді. Енді олар райынан қайтайын дегендей. Бүгін Үкімет басшысы үлескерлерге берілетін ипотекалық несиенің талаптарын қайта қарау мәселесін шешу керектігін айтты. Бұл тақырыпқа арналған отырыс алдағы дүйсенбі күні өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде