{metadescription}
Қазақстан эстрада жұлдыздары мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық би кешін өткізеді.
Қазақстан эстрада жұлдыздары мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық би кешін өткізеді.

Қазақстан эстрада жұлдыздары мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық би кешін өткізеді.

Қайырымдылық шарасынан түскен қаржы мүгедек балалардың ем-домы мен дәрі-дәрмектеріне жұмсалады.

Гүлмира Абдуллаева, “Мүгедек балалар мен ата-аналар қауымдастығының” төрайымы:

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасында бір ғана адам, ата-анасының біреуі ғана жұмыс істеу керек. Өйткені біздің балаларға барлық уақытта көмек керек. Оны жалғыз өзін қалдырып кете алмайсың. Сондықтан не әкесі, не анасы жұмыс істемеу керек. Ал егер жұмыс істелмесе, оның еңбек стажы қайдан болады? Ертең зейнетақысын кім төлейді?

Мүгедек баласымен үйде отырған ата-анаға зейнетақы ретінде жәрдем беру ұсынысы Парламентте бірнеше мәрте қаралған. Бірақ нәтиже жоқ. Есесіне эстрада жұлдыздары мен студенттер белсенділік танытып келеді. Би кешіне кіру билетінің құны бір мың теңге. «Он екі мүшесі сау адамға бұл ақша құнсыз болып көрінсе, арбада отырған мүгедек бала үшін оның пайдасы зор», - дейді ұйымдастырушылар. Былтыр осындай қайырымдылық шарасынан түскен 400 мың теңге 50 балаға дәрігерлік кеңес алуға және 70 баланың дәрі-дәрмегіне жеткен. Қазір “Мүгедек балалар мен ата-аналары қауымдастығының” тізімінде мүмкіндігі шектеулі 500 бүлдіршін тіркелген. Әр айда орташа есеппен бір балаға 15 мың теңге жұмсалады.

“RINCO” тобының мүшелері:

-Әр адамның басқа адамға беретін көмегі болса, соны шешу үшін өз үлесін қосуға, қол ұшын тигізуге міндетті. Ал біздің көмегіміз өнерімізбен көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде