Қазақстанның алдағы уақытта АҚШ және күллі Еуропамен арадағы байланысында күрделі саяси, экономикалық өзгерістер болмақ.
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы тұжырымдамасы жаңарады Осыған орай, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы қарым-қатынастарына арналған жаңа стратегияның жобасын дайындауды тапсырды.
Автор: Дина Төлепбергенова
19.11.2008
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды. Атап өту қажет, бұл жиын Елбасының қатысуымен араға үш жыл салып өтіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, әлемді жайлаған қаржылық дағдарыстың салдарын ауыздықтап, мұндай жағдайды енді болдырмау үшін Қазақстан сыртқы саясаттағы басымдықтарын қайта қарауы керек. Жаңа тұжырымданың басты ерекшелігі - Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысының жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты. Бұл тұста Елбасы күні кеше АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Барак Обамен телефон арқылы сөйлескенін жеткізді. «Біз энергетикалық қауiпсiздiк, аймақтағы тұрақтылық пен Иран, Ирак, Ауғанстандағы шиеленiстi жағдайды ретке келтiрудің мүмкіндіктерін пысықтадық», - деді Президент өз сөзінде. Бұл әңгіме Барак Обаманың алдағы уақытта Қазақстанға жол жүруіне мұрындық болуы мүмкін.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Обама мырза Қазақстанды дос көретінін, еліміздің ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша қолға алған шаралары мен лаңкестікке қарсы күресін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен бірге, ол сауда-саттық айналымын жоғарылатуға үлкен көңіл бөліп, біздің елге келуге ниеті бар екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!