Петропавлда кикбоксингтен «Қызыл Жар» халықаралық турнирі аясында Қазақстан Респуликасының ашық чемпионаты өтті.
Осымен тоғызыншы рет өтіп отырған сайысқа еліміздің барлық облысынан 190 спортшы қатысты. «Лоу- кик» және «Фул- контакт» тармақтары бойынша қолғап түйістірген спортшылар 28 медальдар топтамасын сарапқа салды. Бұл спорт түрі бойынша, әдетте Павлодар, Петропавл және Қарағанды мектептерінің шәкірттері мықты саналады. Осы жолы да олар өз деңгейлерін көрсете білді. Павлодарлықтар төрт алтын медальді қанжығаларына байлап, командалық есепте бірінші орынды иемденсе, қос алтын иеленген қызылжарлықтар екінші орынды місе тұтты. Сайыскерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт...
Автор: Төлеген Жұмабек
24.11.2008
бері 3 мәрте әлем чемпионы Павлодарлық Садырбек Қабылбеков пен 2007 жылғы әлем және Азия ойындарының чемпионы петропавлдық Әмір Тінәлин болды. Бүгінгі жарыс нәтижесі бойынша еліміздің бас команда құрамы жасақталатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!