Испания премьер лигасында 12-турдың ойындары өтті.
Бұған дейінгі тоғыз кездесудің бәрін жеңіспен аяқтап келген Хосеп Гвардьоланың шәкірттері , әйгілі “Камп-Ноу ” стадионында “Хетафемен” ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Алма-кезек шабуылмен өтіп жатқан кездесудің 19-шы минутында Манудың шиіре тепкен добы Виктор Вальдес қорғаған қақпаның төменгі бұрышынан табылып, қонақтар таблодағы есепте алға шықты. Осы голдан кейін қарсы қақпадан саңлау іздеп шарқ ұрған алаң иелері, қандай амалға бармасын, олардың бұл әрекеті өз жемісін бере қоймады. Дегенмен екінші тайм белортасынан ауғанда Даниэль Алвестен жеткен пасты голға асырған Сейду Кейт, бүгінгі...
Автор: Төлеген Жұмабек
24.11.2008
ынға нүкте қойды. Есеп 1:1. Турнир кестесінде “Барселонаның” ізін басып келе жатқан Мадридтің “Реалы” бүгінгі турда 1:0 есебімен “Рекреативодан” алда болды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз доп Уэлси Снейдердің есебінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!