{metadescription}
Астаналық футболшылар Қызылорданың “Қайсарын” тізе бүктірді
Астаналық футболшылар Қызылорданың “Қайсарын” тізе бүктірді

Астаналық футболшылар Қызылорданың “Қайсарын” тізе бүктірді

Команда құрамын Ресей және еліміздің бірқатар үздік футболшыларымен жасақтаған Астананың “Локомотиві”, әзірге қарсыластарына дес берер емес. Алғашқы турда ел біріншілігінің дебютанты Сатпаевтың “Қазақмысынан” айласын асырған астаналық футболшылар, келесі ойында 4:0 есебімен Қызылорданың “Қайсарын” тізе бүктірді.

“Локомотив” аяқ-астынан пайда бола салған команда емес. Олай дейтініміз, жаңадан құрылған осы клубпен қазақ футболының болашағын байланыстырсақ қателеспейтін сияқтымыз. Кешегі “Қайрат”, “Мегаполис” , “Алма-Ата” және “Астана ” клубтарының орнын бүгін “Локомотив” басып отыр. Команданың негізгі құрамы да тарих қойнауына кеткен командалардың бетке ұстар футболшыларынан жасақталған. Жаңа маусым алдында олардың қатарына кезінде Ресей футболының бұрынғы жұлдыздары Андрей Тихонов пен Егор Титов қосылып, команда тізгінін кезінде олармен бірге доп қуалаған отандастары Сергей Юран ұстады. Қазақстандық “Челси” атанып үлгерген команданың аяқ-алысы әзірге жаман емес. Екі кездесуден кейін алты ұпай жинаған “Локомотив” турнир кестесінде көш бастап келеді. Алдымен Сәтбаев қаласында жергілікті “Қазақмыстан” үш ұпай олжалаған “Локомотив”, екінші турда “Қайсарды” ойсырата ұтты. Қызылордадағы матч ресейлік легионерлер үшін сәтті шықты. “Қайсардың” қақпасынан табылған төрт доптың үшеуі Андрей Тихонов пен Егер Титовтың еншісінде. Команда капитаны Андрей Тихонов бір емес, екі мәрте көзге түсті.

Андрей Тихонов, «Локомотив» клубының капитаны:

- Чемпионат біз үшін жаман басталған жоқ. Әзірге бәрі ойдағыдай. Дегенмен бір жақты пікір айтуға әлі ерте, чемпионат енді ғана басталды. Бір өкініштісі, жасыл алаңның сапасы тым нашар. Мысалы, Ресей клубтары мұндай алаңдарда матч тұрмақ, дайындық шараларын да өткізбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде