{metadescription}
0:000:00
Қысқы Азия ойындарының ауылы Алматыдан алыстап барады

Қысқы Азия ойындарының ауылы Алматыдан алыстап барады

Қысқы Азия ойындарының ауылы Алматыдан алыстап барады. Оған қаржы дағдарысы себеп. Ұйымдастырушылар жарыстың өтуіне жұмсалатын қаржыны үнемдеу үшін Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатын бір қалада өткізуді жөн көріп отыр. Кеше Алматыға іс-сапармен келген Премьер-министр Кәрім Мәсімов ұйымдастыру комитетіне Олимпиада аясындағы негізгі шараларды Астанада өткізу жөнінде ұсыныс жасапты.

Бастапқыда жарыс Астана мен Алматы қалаларында өткізіледі деп жоспарланған. Екі шаһарда да жарысқа қажет қосымша ғимараттар тұрғызылып, ескілері жаңартылып жатыр. Тек Алматыдағы спорттық нысандарды тұрғызу үшін бюджеттен 24 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Бүгін бірқатар интернет басылымдары «Қысқы Азия ойындары Астанада ғана өтеді» деп ақпарат таратты. Ұлттық Олимпиада комитетінің Вице-президенті Павел Новиков те Үкімет басшысының қатысуымен өткен жиында мұндай ұсыныстың айтылғанын растап отыр.

Павел Новиков, Ұлттық Олимпиада комитетінің Вице-президенті:

- Ең басты мәселе – қонақтарды қарсы алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спортшылардың жүріп-тұруы. Шетелден келетін меймандар көп болады деп жоспарлануда. Сондықтан да бәрін бір қалада ұйымдастырған жөн. Бұның дұрыс-бұрысын есептеуге бізде әлі де уақыт ба . Ал Астана болса, бүгінде ойындардың жарты бағдарламасын өткізуге дайын. Бірақ ол жақта тау болмағандықтан бірқатар жарыстар Алматыда өтуі мүмкін.

Қаржылық қиындықтарға байланысты Азия ойындарында кейбір спорт түрлерін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр. Егер Олимпиада комитеті рұқсат берсе, спортшылар бұған дейін айтылып келгендей 11емес, тек 7 спорт түрінен сынға түседі.

Павел Новиков, Ұлттық Олимпиада комитетінің Вице-президенті:

- Шетелден мамандарды шақыртуға тура келеді. Жасыратыны жоқ, бізде жеке бағдарламаларды құрастыратын қызметкерлер аз. Ал шетелден мамандар келсе, біздікілер олардан үйренеді. Олардың қызметі ақылы болғандықтан, көп ақша соған да жұмсалады.

Биыл жыл соңына дейін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Медеу мұз айдыны даярланып, үлкен трамплин салынып бітуі тиіс. Жарысқа қатысатын елдердің өтініші үстіміздегі жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін қабылданады. Олимпиаданың түбінде қайда өтетіні сәуірдегі Конгресте шешіледі. Бірақ Азиада-2011 толығымен Астанада өтетін болса, Алматыдағы салынып жатқан нысандар аяқталмай, олардың құрылысына жұмсалған қаржы желге ұшуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде