{metadescription}
Қытайда баскетболдан ерлер  құрамалары арасында Азия чемпионаты басталады
Қытайда баскетболдан ерлер  құрамалары арасында Азия чемпионаты басталады

Қытайда баскетболдан ерлер құрамалары арасында Азия чемпионаты басталады

Ертең Қытайда баскетболдан ерлер құрамалары арасында Азия чемпионаты басталады. Қазақстан баскетболшылары оған дейін Бейжіңде өткен халықаралық жарысқа қатысып, дайындығын пысықтады.

«Баскетбол фестивалі» деп аталатын турнирге төрт команда қатысты. Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы алдымен Үндістан баскетболшыларымен кездесіп, тартысты ойында 76:73 есебімен жеңіске жетті. Ал бұдан кейін жерлестеріміз АҚШ-тан келген «Бисаай-Эйдж» клубы ойыншыларымен шеберлік байқасып, 81:71 нәтижесімен мачты өз пайдаларына шешті.

Жалпы, Қытай жерінде 25-ші рет өткізілгелі отырған Азия чемпионаты

16-тамызға дейін созылады.Қазақстан құрамасы «С» тобында Қытай, Катар және Үндістан баскетболшыларымен бір айналымдық жүйемен кездесіп шығады. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының Евгений Исаков, Артём Скорняков және Егор Бирюлин сынды белді ойыншылары жарақаттарына байланысты Азия чемпионатына қатыса алмайды. Олардың орындарын Берік Смайыл, Өмірзақ Ахмет секілді жас таланттарымыз басты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде