Қытай шаштараздары қолөнердің жаңа түрін дамытуға кірісті
Қытай шаштараздары қолөнердің жаңа түрін дамытуға кірісті.
Автор: Ерланби Дәулетияр
05.08.2009
Пекиндік шаштаразшы Хуанг Ксин 4 айлық жұмысын көрермен назарына ұсыну үшін шағын көрме ұйымдастырды. Шебер өзі қиған шаштан жасалған он шақты мүсінді сұлулық салонында көрсетті. Шаштаразшы ұсынылған жұмыстарының арасында әсіресе, “ТяньАньМэнь есіктері” деп аталатын мүсінін мақтан тұтатынын жасырмады. Өйткені бұл мүсін Қытайдың әйгілі “ТяньАньМэнь” алаңындағы монументтің көшірмесі. Хуанг Ксин мұны жасауға 11 келіге жуық шаш жұмсаған. Шебер мүсінді негізінен әйелдердің шаштарынан жасайды. «Өйткені олар еркектердікіне қарағанда, анағұрлым жұмсақ», - дейді ол. Әзірге шаштараз өз мүсіндерін саудаға шығарып жатқан жоқ. Бірақ болашақта мұны кәсіпке айналдыратын ойы да жоқ емес көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!