Мемлекеттен бөлінетін білім гранттарының биылғы көлемі - 34 мың 840
Мемлекеттен бөлінетін білім гранттарының биылғы көлемі анықталды. Мемлекет 34 мың 840 грант бөліп отыр. Оның ішіндегі мың грант сырттай оқу бөліміне арналады. Жалпы грант көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артып отыр.
Автор: Ғабит Ұзақбай
05.08.2009
Енді білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық байқау комиссиясының жұмыс қорытындысы келесі дүйсенбіде жарияланбақ. Яғни сол күні жоғарғы оқу орындарына қабылданғандардың тізімі республикалық баспасөз беттерінде жарияланады. Қазірдің өзінде бір орынға 2 адам таласып тұр. Себебі білім грантын алуға ниеттілердің саны биыл 75 мыңның шамасында.
Нұрғали Аршабеков, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі:
- Биылғы жылғы ерекшелік: тапсырыс көлемі техникалық мамандықтарға - 450 грант, ауыл шаруашылығына - 80, медицинаға - 500, ветеринарияға - 20, өнер саласына –20 және гуманитарлық бағыт- 20 грантқа ұлғайтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары