{metadescription}
Оңтүстік Корея: “Ссан Йонг” зауытын басып алған бүлікшілерді тоқтату үшін арнайы операция жүргізілді
Оңтүстік Корея: “Ссан Йонг” зауытын басып алған бүлікшілерді тоқтату үшін арнайы операция жүргізілді

Оңтүстік Корея: “Ссан Йонг” зауытын басып алған бүлікшілерді тоқтату үшін арнайы операция жүргізілді

Бүгін Оңтүстік Кореяның тәртіп сақшылары елдегі бетке ұстар автоөндіріс компанияларының бірі -“Ссан Йонг” компаниясының зауытын басып алған бүлікшілерді тоқтату үшін арнайы операция жүргізді. Билік өкілдері екі айдан бері осы кәсіпорынды басып алған компанияның жарты мыңнан астам бұрынғы қызметкерлерін шығару үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болды.

4 мыңнан астам полиция қызметкерлері өздеріне жанғыш шөлмектер мен дөңгелектер, ағаш пен тас лақтырған бүлікшілерге қарсы су атқыштар қолданып, тік ұшақ пен арнайы техника жұмылдырды. Қақтығыс кезінде 50-ге жуық адам жараланып, зауытты басып алған 100-ден астам бүлікші қамауға алынды. Қазір олардың аты жөндері анықталуда. Сондай-ақ, полиция бұл әрекетті ұйымдастырған 23 адамға іздеу жариялап отыр. Жыл басынан бері қаржы дағдарысынан миллиондаған шығынға ұшыраған көлік шығаратын компания екі ай бұрын жұмысшыларының жартысына жуығын қысқартқан болатын. Бүлікшілер жұмыссыз қалғаны үшін компания басшылығынан өтемақы талап етіп, артынан өздері жұмыс істеген “Ссан Йонг” компаниясының зауытын басып алған еді. Билік өкілдері бүлікшілермен ұзақ уақыт келіссөздер жүргізіп, ақырында оларға күш көрсетуге мәжбүр болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.