Каспий теңізінде екі адамды атып өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылған шекарашыны сот қайтадан ақтады
Каспийде екі бірдей балықшының өліміне себепкер болған шекаралық шағын кеменің командирі «кінәсіз» деп танылды.
Автор: Асқар Махмұтұлы
05.08.2009
Естеріңізде болса, былтыр 14-ші тамызда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қызметін атқарып жүрген Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекаралық шағын кеме командирі Руслан Шүршенов күдік тудырған балықшы қайығын байқап қалады. Әскери катердің тоқтауға берген белгісін құлағына да ілмеген олар шекарашыларға оқ жаудырған. Соның салдарынан екі балықшы оққа ұшып, қаза тапты. Маусым айында Ақтау әскери соты Р.Шүршеновке қатысты қылмыстық іс қозғап, оны 6 жылға соттаған болатын. Алайда Алматыда әскери соттың қылмыстық істер бойынша алқа соты оның іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ болуына байланысты «кінәсіз» деп тапты.
Болат Тазабеков, Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының ресми өкілі:
- Әр үкімде заңдылық болу керек, толық болу керек. Күмән туғызғаннан кейін, сол себепті осындай шешім шығарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!