{metadescription}
0:000:00
Алматыда өткен сенбіде мерт болған 4 жұмысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды

Алматыда өткен сенбіде мерт болған 4 жұмысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды

Алматыда өткен сенбіде мерт болған 4 жұмысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды. Оны Астанадан келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Төлеген Оспанқұлов басқарады. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

4 өндірістік альпинистің өлімі қоғамда үлкен жаңғырық тудырды. Осыған қатысты пікірлердің басым көпшілігі техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанынан дегенге саяды. Дегенмен де бейресми мәліметтер бойынша, “Есентай Тауэрс” әкімшілік ғимаратына өз қызметін ұсынған жекеменшік “Вагнер” кәсіпорнында 4 альпинистің біреуі ғана заңды жұмыс істеген. Қалғандары әуесқой альпинистер. Оларға тек техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерін білу жеткіліксіз.

Жомарт Сауданбеков, Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушысы:

- Оны бір көргеннен жаттап алып, жұмысқа кірісіп кететін жағдай болмаса... мұның қайсысы қалай, қанша салмақ ұстайды, қалай жұмыс істейтінін білмесе, жұмыс істеу өте қауіпті.

“Вагнер” жекеменшік кәсіпорнының өзі Алматы облысында тіркелген. Кеңсесі де қалада емес.

- Кешіріңіздер, мен сіздермен қазір сөйлесе алмаймын. Уақытым өте тығыз. Әйтеуір бір кездесерміз...

Көпқабатты үйлердің әйнегін жуу үшін арнайы тәжірибе керек. Жерден 1 метрден жоғары жұмыс әуедегі жұмыс болып саналады екен. Кәсіби құтқарушылардың өзі биікке көтерілу үшін мұқият дайындалады.

Жомарт Сауданбеков, Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушысы:

- Әрқайсысында жеке дара белдемелері болуы керек. Белдеменің ішінде арқанды ұстап тұратын жомар, қарабиндер болуы тиіс. Бір ғана карабин емес, сегіздік болуы керек. Дулығасы (бас киім) және өзіне сәйкес арқандары да мүлтіксіз болуы тиіс.

Әзірге қайғылы оқиғаға кінәлілер жайында мардымды жауапты ешкім бере алмай отыр.

Мұрат Жұматаев, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімінің бастығы:

- Қазір мерт болған адамдарды жерлеуге үйіне жеткізді. Біреуі Семейдің Үржарынан, біреуі Қостанайдан, Текеліден және осы жерден. Қазір осында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Тергеу амалдары 10 күннен кейін белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.