{metadescription}
0:000:00
Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды

Алматыда Әбу Ханифа атындағы ерлер медресесі ашылды

Алматыда алғашқы ерлер медресесі ашылды. Оқу орны Әбу Ханифа есімін иеленген. Діни басқарманың ескі ғимаратында орналасқан діни оқу орны 75 балаға арналған. Ал шәкірттер дін исламнан тегін сусындайтын болады.

Елімізде осымен жетінші медресе ашылып отыр. Алматыдағы – тұңғыш медресе. Республикалық деңгейдегі медресе тек ерлерге ғана арналған. Мұнда діни сауат алам деушілер үшін барлық жағдай жасалған. Кітаптармен жабдықталған бай кітапханасы, жайлы әрі кең жатын орны мен ас бөлмесі бар.

Әбдімүтәліп Қайназарұлы, ҚМДБ діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі:

- Орта білімі бар балаларды қабылдаймыз. Бұл жерде тұруы, оқуы тегін. Шәкірттерді оқыту үшін мемлекет талабына сай ұстаздарды жалдаймыз.

Тәлім алушылар екі жыл, он ай оқиды. Ал бітірген соң, исламтанушы және имам-хатиф дәрежесін иеленіп, аудандық мешіттерге қызметке бара алады.

Екі жарым мыңға жуық мешіті бар еліміздің діни мекемелерінде арнайы білімі бар діни қызметкерлер жетіспейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылар ашылған медресе осы олқылықтың орнын толтыруы тиіс деп есептейді. Әйтсе де, ең бастысы оның түлектері теріс ағымдармен күресіп, хақ дінді насихаттауы тиіс.

Әбдімүтәліп Қайназарұлы, ҚМДБ діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл аз. Жер жерлерде осындай медреселер ашсақ, сонда ғана теріс пиғылды ағымдарға төтеп бере алар едік.

Медресеге биыл емтихан арқылы 25 адам ғана қабылданады. Ал сынақ мерзімі бүгін басталды.

Айбек Қабиев, талапкер:

- Білім алу әрбір мұсылман үшін парыз, бұл жерден ненің арам, адал екенін үйренеміз. Дін қызметкері боламыз.

Шәкірттер медреседен дәріс алып жүрген кезеңде әскери парызын өтеу міндетінен уақытша босатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде