Жауын аралас қатты дауылдан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бірнеше ел ірі көлемде зардап шекті
Жауын аралас қатты дауылдан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бірнеше ел ірі көлемде зардап шекті. Қазірдің өзінде дүлей құйыннан 46 адам опат болып, 150-і түрлі жарақат алған.
Автор: Дастан Шымырбай
10.08.2009
Тайваньда ”Моракот” дауылы 12 адамның өліміне себепші болса, 50-ден астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында. Айта кетейік, Тайвань аралында биыл соңғы 50 жылда болмаған табиғат апаты тіркеліп отыр. Бұдан басқа, Филиппин аралында осы нөсерлі желден 22 адам бақилық болса, Жапонияда ауа-райының қолайсыздығынан 12 адам көз жұмған. Қытай үкіметі теңіз дауылының зардаптарынан қашып, 1 миллионнан астам жуық тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Қазір ондағы желдің жылдамдығы сағатына 119 шақырымға дейін жеткен. Бүгінде аталған елдерде жүз мыңдаған көпір, баспана мен тарихи құндылықтар балшықты сумен шайылып кеткен. Ауа-райын болжаушылар жауын араласқан дауыл әлі бірнеше күн жалғасады деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!