Иракта 4 бірдей жарылыс болып, 50-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапты
Аптаның алғашқы күнінде Иракта 4 бірдей жарылыс болып, 50-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапты.
Автор: Дастан Шымырбай
10.08.2009
Қастандық автокөлікке орнатылған жарылғыш затты іске қосу арқылы жүзеге асырылған. Алғашқы екі жарылыс Бағдадта ұйымдастырылып, 17 тұрғын опат болса, 80-і түрлі дене жарақатын алған. Ирактың тағы бір ірі қаласы Мосылда орын алған қаскөйліктен 30 адам көз жұмды. Дәрігерлер қаза тапқан бейбіт тұрғындардың қатары әлі бірнеше есеге көбеюі мүмкін деп отыр. Ескере кететін жәйт, соңғы кездері Ирак жеріндегі лаңкестік әрекеттері күн санап артып келеді. Өткен жұмада ғана Мосыл қаласындағы орталық мешіттегі жарылыстан 40 адам жер жастанған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!