АҚШ: тікұшақ пен жеңіл моторлы ұшақ әуеде қақтығысып, 9 адам қаза тапты
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының маңында тікұшақ пен жеңіл моторлы ұшақ әуеде қақтығысып, 9 адам қаза тапты.
Автор: Дастан Шымырбай
10.08.2009
Оқиға қаланың қақ ортасында ағып жатқан Гудзон өзенінің үстінде болған. Қала мэрі Майкл Блумбергтің айтуынша, тікұшақта 5 италиялық турист Нью-Йорктың көркін тамашалап жүрсе, жеңіл әуе кемесінде 3 адам болған. Ақпараттарға қарағанда, қаза тапқандардың біреуі кәмелет жасына толмаған бала екен. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы топ 7 адамның сүйегін өзеннің түбінен алып шықты. Ал қалған екі адамның мүрдесін іздеуге ауа-райының қолайсыздығы мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан сүңгуірлер іздестіру шараларын ертеңге дейін тоқтатуға мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!